Bulletin WKU

2026

Full text Open access: Gold Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.37238/2960-1371.2960-138x.2025.100(4).165
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

ҚАЗАҚ-ТАТАР ТАРИХИ ПРОЗАСЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ТАРИХИ САНА ЖƏНЕ ТƏУЕЛСІЗДІК ИДЕЯСЫАңдатпа.Бұл мақалада қазақ жəне татар тарихи романдарының поэтикалық табиғаты салыстырмалы тұрғыдан талданады.Зерттеу Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы мен Нурихан Фаттахтың «Еділ өзені ағады», «Ысқырық жебелер» секілді тарихи шығармаларына негізделді.Екі автордың да шығармашылығында ұлттық тарихи сананы жаңғырту, этникалық бастауларды көркем пайымдау жəне тəуелсіздік идеясының көрініс табуы ортақ бағыт ретінде қарастырылады.Мақалада фольклорлық-мифологиялық материалдардың тарихи прозаға ену ерекшеліктері, деректілік пен романтикалық пафостың арақатынасы, тарихи кеңістік пен уақытты бейнелеу тəсілдері сараланды.Сондай-ақ қазақ-татар əдеби байланыстарындағы типологиялық жақындықтар, тарихи деректердің көркем қиялмен үйлесуі жəне ұлттық рухани құндылықтардың көркемдік трансформациясы көрсетілді.Зерттеу тақырыбының өзектілігі аталған жазушылардың шығармалары ұлттық тарихтың көне кезеңдерін көркем пайымдаудағы ортақ бағыттарды, фольклорлық-мифологиялық дəстүрдің көркемдік трансформациясын, тарихи шындық пен романтикалық қиялдың синтезін айқын танытады.Халықтың арманмұраты, тəуелсіздік идеясы, этникалық тамыр, рухани сабақтастық секілді мəселелер екі романистикада да негізгі идеялық өзекке айналған.Зерттеу нəтижелері екі халықтың тарихи роман жанрындағы ортақ көркемдік модельдерді қалыптастырғанын жəне түркілік тарихи жадты жаңғыртуда маңызды рөл атқарғанын айқындайды.Кілт сөздер: тарихи роман, Ілияс Есенберлин, Нурихан Фаттах, қазақ-татар əдеби байланыстары, тарихи сана, мифопоэтика, фольклорлық дəстүр, этникалық тамыр, көркемдік жүйе, романтикалық пафос, тарихи дерек, ұлттық идея, түркілік дүниетаным.Кіріспе ХХ ғасырдың 60-жылдарынан бастап қазақ жəне татар прозасында тарихи кезеңдерді көркемдік кеңістікте қайта пайымдау үрдісі айқын күшейді.Бұл кезеңде екі халықтың да жаңаша əдеби тынысы ашылып, қоғамдық-саяси коллизиялармен Obayeva Gulnara