Bulletin WKU

2026

Full text Open access: Gold Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.37238/2960-1371.2960-138x.2025.100(4).177
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ШАШЫРАНДЫ АЛТЫН КЕН ОРЫНДАРЫНЫҢ АШЫЛУ ТАРИХЫ Аңдатпа.Мақалада ХІХ ғасырдың екінші жартысында Шығыс Қазақстан өлкесіндегі шашыранды алтын кен орындарын ашылу тарихы патша үкіметінің алтын өндірісіне қатысты саясатымен байланысты екендігі көрсетіледі.Өлкедегі алтын кен орындарын іздеуге, барлауға жəне өндіру жұмыстарын жүргізуге үкіметтен рұқсат алған тұлғалар мен алтын іздеуші партияларға қатысты деректер келтіріледі.Мұрағат деректеріне сүйене отырып еліміздің шығысында ашылған шашыранды алтын кен орындарының географиялық жағынан орналасуы, алтынды жүйелерге бөлінуі қарастырылады.Сонымен қатар, кен орындардағы жуылған құм мен алынған алтын мөлшеріне қатысты статистикалық деректер де сараланады.Алтын кен орындарынның техникалық жағынан жабдықталуы сипатталады.Зерттеу жұмысының барысында қысқа мерзімде бұл өлкеде шашыранды алтын кен орындарының көп мөлшерде ашылғандығы жəне олардың үш ірі алтын жүйелерге бөлінгендігі, кен орындарындағы алтынның сипаты бірдей болғанымен, алтын қорының шоғырлануы жəне сынамасы жағынан əр түрлі болғандығы көрсетіледі.Сонымен қатар, кен орындарын ірі елді-мекендермен байланыстыратын қалыптасқан жолдардың болуы, кен орындарына жүк тасымалдаудың арзандығы сияқты факторлар да бұл өлкедегі кен орындарының жұмысына ықпалын тигізгендігі қарастырылады.Кейбір аудандарда алтын кен орындарының нашар жұмыс істеуі табиғи-климаттық жағдайлардың қаталдығымен жəне алтынды жауып жатқан беткі жыныстық қабаттың қалың болуы сияқты факторлармен байланысты болғандығы айқындалады.