Abstract
БҮРКІТ ЫСҚАҚОВТЫҢ ƏДЕБИ МҰРАСЫН МЕКТЕП БАҒДАРЛАМАСЫНДА ҚАМТЫЛУЫАңдатпа.Аталмыш мақалада қазақ ақыны Бүркіт Ысқақовтың шығармашылығын жалпы орта білім беру бағдарламасына енгізудің ғылымиəдістемелік негіздері қарастырылады.Ақынның поэзиясындағы табиғат лирикасы, патриоттық сарындағы жəне адамгершілік тақырыптардағы өлеңдер мазмұнына талдау жасалады.Зерттеу барысында мазмұндық талдау, пəнаралық интеграция жəне педагогикалық эксперимент əдістері қолданылды.Ұсынылған əдістемелік модель оқушылардың ұлттық құндылықтарды, эстетикалық талғамды жəне тілдік қабілеттерді дамытуға бағытталған.Кілт сөздер: Бүркіт Ысқақов, мектеп бағдарламасы, қазақ поэзиясы, əдебиеттану, əдістеме, ұлттық құндылықтар. КіріспеҰлттық əдебиетке өлшеусіз еңбек сіңіріп, ұлт руханиятына аянбай еңбек еткен белгілі ғалым, айтулы ақын Бүркіт Ысқақовтың əдеби бай мұрасы əлі де толық зерттеуді қажет етеді.Балалар əдебиетін жандандырып, тыңнан түрен салған ақынның өмірі мен шығармашылығы өскелең ұрпаққа өлшеусіз өнеге.Мектеп бағдарламасына ақынның ғажап өлеңдерін кіргізу, өсіп келе жатқан өскелең ұрпақтың санасына сəуле түсіріп, рухани өсуіне ерекше ықпал етеді.Ақын, жазушы Бүркіт Ысқақовтың прозалық туындылары оқушылардың таным көкжиегін кеңейтіп, ұлттық рухты бойына дарытып, туған жер мен туған елге деген сүйіспеншілікті арттырады.Оның кейіпкерлері тағдырдың тезінен өтіп, көзін қына, көңілін торта басса да, жігері жасымай, рухы сөнбей, қиындыққа төтеп беретін, шыныққан құрыш іспетті өр тұлғалар.Ақынның туындылары қазақ халқының тыныс-тіршілігінен хабар беріп, өскелең ұрпақтың рухани мелжемді болып қалыптасуына əсер етеді.Əдебиетке шолу Ақын, жазушы Бүркіт Ысқақовтың шығармашылығымен етене таныс аға буын өкілдері салиқалы пікір білдіріп, ақын туралы тамаша ойлар айтқан.Сафуан Шаймерденов «Ғасыр асуы алдында...» деген мақаласында Бүркіт Ысқақов туралы мынандай пікір айтқан: «Албасты да қас-қабаққа қарап басады