ОРТОДОНТИЯЛЫҚ ЕМ БАРЫСЫНДА ПАРОДОНТ ПАТОЛОГИЯЛАРЫНЫҢ ҚАУІП ФАКТОРЛАРЫ

2026

Closed access Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.70113/1815-9443.2025.50.99.001
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Пародонт аурулары кең таралған және стоматологиядағы маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Брекет жүйелерін қолдана отырып, ортодонтиялық ем қабылдайтын науқастар санының өсуі ауыз қуысының гигиенасын сақтау қиындықтарына, науқастардың жеткілікті ақпараттандырылмауына және жүйелі бақылаудың болмауына байланысты пародонт аурулары қаупінің артуына әкеледі. Бұл ортодонтиялық ем кезінде пародонт ауруларының қауіп факторларын зерттеуді ерекше өзекті етеді. Мақсаты: брекет-жүйелерді пайдалана отырып, тіс-жақ ауытқуларын ортодонтиялық емдейтін науқастарда пародонт ауруларының пайда болу және даму қаупі факторларын анықтау болып табылады. Материалдар мен әдістер. Аталған зерттеу С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің ортодонтия және терапиялық стоматология кафедраларында 15-38 жас аралығындағы 54 пациенттің проспективті бақыланатын тексеруімен жүргізілді. Пациенттерді тексеру биоэтика қағидаларына сәйкес және ДДҰ Хельсинки Декларациясының ресімделген хаттама қағидаттарына сәйкес жүргізілді. Зерттелушілер ерікті ақпараттандырылған келісім тұжырымдамасына сәйкес барлық зерттеудің мақсаттары мен міндеттері туралы хабардар болды. Зерттеу нәтижелері брекет жүйесі қолданылған науқастарда пародонт қабынуының жоғары таралғанын көрсетті: пациенттердің 74,1%-ында патологиялық өзгерістер, оның ішінде созылмалы катаральды (67,5%) және гипертрофиялық гингивит (32,5%) анықталды. Қауіп факторлары ретінде ауыз қуысы гигиенасының жеткіліксіздігі, тістердің тығыз орналасуы, тістем бұзылыстары, зиянды әдеттер (27,7% — темекі/вейпинг), дұрыс емес тамақтану (51,9%), қатар жүретін соматикалық аурулар (35,2%) тіркелді. Брекет жүйелері гигиена сапасын төмендетіп, микробтық биопленканың жиналуына ықпал етті. Науқастардың тек жартысына жуығы қосымша гигиеналық құралдар қолданды, ал кәсіби гигиена қажеттілігі туралы 55,5% ғана хабардар болды.