THE CONCEPT OF MAHDI IN ISLAMIC THEOLOGY: HISTORICAL AND DOCTRINAL INTERPRETATIONS

2025

Full text Open access: Hybrid Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.32523/3080-1281-2025-153-4-105-122
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Мақала исламдық сенім жүйесіндегі «Мәһди» ұғымының тарихи қалыптасуы, теологиялық интерпретациясы және оның сүнниттік пен шииттік дәстүрлердегі түсіндірмелері кешенді түрде зерттеуге бағытталған. Зерттеу мақсаты Мәһди концепциясының Құран мен хадистегі негіздерін айқындау, оның діни-идеологиялық және саяси контекстегі эволюциясын көрсету. Жұмыс барысында PRISMA әдістемесіне сүйенген жүйелі әдеби шолу тәсілі қолданылып, Scopus және Google Scholar дерекқорларындағы жарияланымдар сарапталған. Мақала Мәһди ұғымының этимологиялық мәні, алғашқы тарихи көріністері және сүнниттік пен шииттік бағыттар арасындағы интерпретациялық айырмашылықтар қарастырылады. Құранда «Мәһди» термині тікелей кездеспегенімен, оның мағыналық өрісі «һүда» және «һади» ұғымдарымен байланыстырылып, «тура жолға бастаушы» мағынасы тұрғысынан түсіндіріледі. Хадис әдебиетінде Мәһдиге қатысты риуаяттар кеңінен кездеседі, олардың ішінен сенімді (сахих) және әлсіз (даиф) нұсқалар арасындағы айырмашылықтар иснадтық (тізбектік) талдау арқылы анықталады. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, шииттік Иснәашария мектебі Құран аяттарын та’уил (астарлы түсіндіру) әдісімен Мәһдиге қатысты түсіндірсе, сүнниттік дәстүрде бұл ұғым негізінен хадистер мен тарихи контекстер арқылы айқындалады. Сонымен бірге, Мәһди мен мүжәддид ұғымдарының айырмашылықтары да талданған: Мәһди ақырзаманда әділдік орнатушы рухани жетекші болса, мүжәддид әр ғасырда дінді жаңғыртушы тұлға ретінде қарастырылады. Зерттеу нәтижесінде Мәһди концепциясы исламдық эсхатологияның өзекті құрамдас бөлігі ретінде діни сана, әлеуметтік әділет және тарихи сана категорияларымен тығыз байланыста қарастырылатыны анықталды.