Құндылыққа негізделген білім беру контексінде жоғары сынып оқушыларының құқықтық мәдениетін қалыптастырудағы мектеп пен отбасының серіктестігі

2025

Full text Open access: Gold Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.26577/jes20258510
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Мақалада құндылыққа бағдарланған білім беру контексінде жоғары сынып оқушыларының құқықтық мәдениетін қалыптастырудағы мектеп пен отбасының әріптестігі қарастырылады. Зерттеу Қазақстан тәжірибесін Финляндия, Түркия және Оңтүстік Кореяның білім беру модельдерімен салыстырмалы талдау негізінде жүргізілді. Шетелдік зерттеулерде отбасы мен мектептің серіктестігі оқушылардың азаматтық және құқықтық санасын дамытудың негізгі факторы ретінде анықталса, Қазақстанның білім беру жүйесінде бұл үдеріс белсенді енгізілу кезеңінде тұр. Соңғы үш жылда (2023–2025) халықаралық жарияланымдарда (Wiley, MDPI, SAGE) құқықтық тәрбиенің тиімді моделі ретінде «мектеп – отбасы – қауымдастық» триадасы тұжырымдамасы ұсынылған. Мақалада құндылықтық қағидаттарға, сектораралық өзара іс-қимылға және әлеуметтік әріптестіктерге негізделген құқықтық мәдениетті қалыптастырудың педагогикалық моделі ұсынылады. Оқушылардың құқықтық ойлауын, азаматтық жауапкершілігін және мінез-құлық мәдениетін дамытуда ата-аналардың, мұғалімдердің және қауымдастықтың рөліне ерекше назар аударылады. Зерттеудің практикалық бөліміне Тараз қаласынан 110 респондент қатысты, оның ішінде 60 оқушы, 30 ата-ана және 20 мұғалім болды. Жүргізілген зерттеу Қазақстандағы құқықтық тәрбие жүйесін жетілдіруге және құндылыққа бағдарланған тәсілдерді қазіргі білім беру үдерісіне кіріктіруге практикалық маңызға ие. Алынған нәтижелер мектеп мазмұнын жаңарту жағдайында құқықтық мәдениетті қалыптастыру тетіктері туралы түсініктерді кеңейтеді. Құқықтық сананың тұрақты дамуы тек мектеп пен отбасының тәрбиелік ықпалдарының бірлігі жағдайында ғана мүмкін екені көрсетілді. Ұсынылған әдістемелік шешімдер педагогикалық жоғары оқу орындарының тәжірибесінде және педагогтердің біліктілігін арттыру жүйесінде пайдаланылуы мүмкін. Ұсынылған қорытындылар серіктестік модельдерді ұлттық азаматтық-құқықтық білім беру стратегиясына жүйелі түрде енгізудің қажеттілігін растайды. Түйін сөздер: құқықтық мәдениет, мектеп-отбасы серіктестігі, құндылыққа негізделген білім беру, салыстырмалы талдау, азаматтық сана, құқықтық тәрбие.