Асық әдістемелік технологиясы негізінде мектепке дейінгі балалардың сөйлеу тілін дамыту

2025

Full text Open access: Gold Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.26577/jes2025857
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Бұл мақалада мектепке дейінгі ұйымдардағы балалардың сөйлеу тілін дамытуда ұлттық ойын элементтері мен заманауи әдістемелік-технологиялық тәсілдердің кіріктірілуі қарастырылады. Зерттеу жұмысы Алматы қаласы, Түрксіб ауданына қарасты №187 мемлекеттік бөбекжай-балабақша базасында жүргізілді. Тәжірибеге 60 бала қатысты. Жаңа әдістеме «асық технологиясы» логопедиялық сабақтарда қолдануға бейімделіп, сөйлеу мүшелерінің қозғалысын жетілдірумен қатар, балалардың ұсақ және жалпы моторикасын, когнитивтік белсенділігін, зейінін, есте сақтау қабілетін, кеңістікті бағдарлау дағдыларын дамытуға бағытталды. Технологияның негізінде қазақ халқының ұлттық ойыны – асық арқылы балалардың артикуляциялық жаттығулары, нейрогимнастикалық және биоэнергопластикалық қозғалыстар кешені ұйымдастырылды. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, асық әдістемелік технологиясын жүйелі пайдалану сөйлеу тілінің бұзылысын түзетіп қана қоймай, баланың тілдік белсенділігін, эмоционалдық тұрақтылығын және мәдени сәйкестігін арттырады. Ұлттық мазмұн мен инновациялық логопедиялық тәсілдердің синтезі ретінде бұл технология мектепке дейінгі білім беру кеңістігінде тұлғаның тұтас дамуына бағытталған тиімді педагогикалық жаңалық болып табылады. Ұлттық ойын арқылы сөйлеу тілін дамыту әдісі балалардың когнитивтік, эмоциялық және әлеуметтік бейімделуіне оң әсер етіп, логопедиялық жұмыстың мотивациялық және мәдени мазмұнын байытты. Бұл зерттеу асық технологиясын мектепке дейінгі білім беру жүйесіне енгізудің тиімді инновациялық бағыты екенін көрсетті. Түйін сөздер: асық технологиясы, сөйлеу тілі, мектепке дейінгі білім, логопедиялық әдіс, моторика, нейрогимнастика, ұлттық ойын.