Әлеуметтік педагогтерді даярлау бағдарламасына бейнелеу өнерін интеграциялаудың психологиялық-педагогикалық аспектілері

2025

Full text Open access: Gold Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.26577/jes2025853
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Мақалада әлеуметтік педагогтерді даярлаудың білім беру бағдарламасына бейнелеу өнерін интеграциялаудың психологиялық-педагогикалық аспектілері қарастырылады. Болашақ әлеуметтік педагогтердің эстетикалық мәдениеті мен кәсіби құзыреттілігін дамытуға ықпал ететін теориялық негіздер, әдіснамалық тәсілдер мен практикалық әдістер талданады. Зерттеу жұмысының теориялық бөлімінде отандық және шетелдік ғалымдардың әлеуметтік педагогтерді даярлау, шығармашылық негізінде білім беру, бейнелеу өнерін білім беру бағдарламасына интеграциялау мәселелерін зерттеген ғалымдардың еңбектері талданады. Студенттердің эмоционалды интеллектісін, эстетикалық қабылдауын және шығармашылық ойлауын, қарым-қатынас дағдыларын қалыптастырудағы бейнелеу өнерінің рөліне ерекше назар аудара отырып, аталған құзыреттіліктердің бастапқы және соңғы деңгейлері анықталады. Студенттердің кәсіби құзыреттіліктерінің деңгейлерін анықтау мақсатында төрт диагностикалық әдістемелер (ЭмИн сауалнамасы, Торренс тесті, Ю.С. Любимова ұсынған әдістер кешені (бақылау, сауалнама, интервью, т.с.с.), И.В. Липсицтің «Сіз және сізді қоршаған орта» пиктограмма әдісі) таңдалды. Экспериментке әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 39 студенті қатысты. Зерттеу жұмысының тәжірибелік бөлімінің қалыптастырушы кезеңінде шығармашылық шеберханалар, жобалау қызметі, арт-терапия, экскурсиялар мен көрмелер негізінде әлеуметтік педагогтерді даярлаудың білім беру бағдарламасына бейнелеу өнерін интеграциялау мүмкіндіктері қарастырылды. Зерттеу жұмысының тәжірибелік бөлімінің бақылау кезеңінде білім беру бағдарламасына бейнелеу өнерін интеграциялау мүмкіндіктерінің тиімділігі анықталып, қорытынды жасалды. Түйін сөздер: әлеуметтік педагогтерді даярлау, бейнелеу өнері, интеграция, эмоционалды интеллект, шығармашылық ойлау.