CONFISCATION OF PROPERTY FROM BAYS AND KULAKS IN THE AKTYUBINSK REGION

2026

Closed access Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.70239/arsu.2025.t82.n4.27
Data confidence 85 high
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Бұл мақалада Ақтөбе өңіріндегі ірі бай – кулактарды тәркілеу барысы баяндалады. Кеңес заманында саяси қуғын-сүргінге ұшыраған және заңсыз қудаланғандардың бірі - дәстүрлі қазақ қоғамындағы ауқатты әлеуметтік топ өкілдері – қазақ байлары болды. Кеңес үкіметі орныққан соң, сталиндік режимнің басты жауларының бірі - сол қоғамдағы басты элита өкілдері – бай – кулактарды тап ретінде жоюды мақсат тұтты. Олардың ірі жеке шаруашылықтарын иеленуді көздеді. Осы мақсатта, кенестік билік бірнеше әрекеттер жасап, арнайы құжаттарды қабылдады. Олардың негізгісі - 1928 жылы 27 тамыздағы «Аса ірі бай шаруашылықтары мен жартылай феодалдарды кәмпескелеу және жер аудару туралы» декрет болды. Осы декрет негізінде ірі бай-кулактар тәркіленді. Мақалада Ақтөбе өңірінде бай-кулактарды тәркілеу барысы - нақты дерек көзі - Ақтөбе облыстық мемлекетік архиві құжаттары негізінде қарастырылған. Құпия құжаттардағы мәліметтерді саралай отырып, Ақтөбе губерниясынан тәркіленуге тиіс 84 байдың тізімі анықталып, олардың ішінде ірі көлемінде малы мен шаруашылығы бар аса ірі 26 бай-кулактардың аты-жөндері, олардың жас шамасы, иелігіндегі мал саны, шаруашылық жер көлемі, бұрын атқарған лауазымы, қарамағындағы батырақтары мен жалшыларының нақты сандары туралы мәліметтер берілді. Губерния көлеміндегі аса ірі 26 бай-кулактың ауқатты, қарамағында 700-100 бас ірі қара малдары болғандығын, ауыл-аймақтағы ең беделді, сауатты тұлғалар болған. Тәркілеуді ұйымдастырып, өткізу үшін жасақталған арнайы топ құрамы анықталып, тәркілеу барысы, тәркілеген шаруашылықты кеңестік тұрғыдан пайдалану әрекеттері, бай-кулактардың сол елді мекендегі беделді тұлға болғанын мойынұсынып, кеңестік саясатқа қарсы ықпал етеді деген желеумен оларды басқа аймаққа еріксіз көшіруі, наразы бай-кулактарға түрлі айыптар тағылып, қылмыстық кодекстің арнайы баптарымен жазалау шараларын пайдалануы баяндалған. Қорытындысында, авторлар осы кеңестік саясаттың салдарынан байлар басқа аймақтарға көшіп, мал басы азайып, халықтың әлеуметтік жағдайы нашарлап, ашаршылық бүкіл елге жайылған деген тұжырымға келеді.