Mедицина терминжүйесіндегі сүйек-буын атауларының сөзжасамдық модельдері

2025

Full text Open access: Gold Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.26577/ejph202520043
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Бұл мақала медицина терминжүйесіндегі сүйек-буын атауларының қазақылануы барысында қалыптасатын сөзжасамдық модельдерді құрылымдық және уәждемелік тұрғыдан жүйелеуге арналған. Зерттеудің өзектілігі медицина саласының халықаралық стандартталған терминологиялық қабаты мен ұлттық тілдік норма талаптарының тоғысында туындайтын біріздендіру, кодификациялау және лексикографиялау мәселелерімен айқындалады. Материалдық база ретінде сүйек-буын жүйесіне қатысты атаулардың халықаралық жіктемелерде берілген үлгілері, Қазақстандағы ресми бекітілген терминдік нұсқалар, терминологиялық сөздіктер және нақты тілдік қолданыстағы деректер кешені салыстырмалы түрде қарастырылады. Зерттеудің мақсаты – сүйек-буын ұғымдарын білдіретін қазақыландырылған терминдердің жасалу жолдарын айқындап, оларды сөзжасамдық модельдер бойынша типологиялау және модельдердің өнімділік сипатын көрсету. Талдау нәтижесінде сүйек-буын атауларын қалыптастыруда аналитикалық модельдердің (анықтауыш+анықталушы, сандық-иерархиялық және локативтік құрылымдар) басымдығы байқалады; калькалық үлгілер халықаралық компоненттік қаңқаны сақтай отырып терминнің трансшекаралық танымалдылығын қамтамасыз етеді; синтетикалық тәсілдердің үлесі салыстырмалы түрде шектеулі; ал гибрид құрылымдар ұлттық терминқордың өтпелі кезеңін сипаттайтын құбылыс ретінде көрінеді. Сонымен бірге нормативтік дереккөздер мен клиникалық / оқулық қолданысы арасында варианттылықтың бар екені анықталып, оны реттеу үшін сөзжасамдық модельге сүйенген біріздендірудің қажеттілігі негізделеді. Зерттеу нәтижелері қазақ тіліндегі медициналық терминдерді стандарттау, салалық сөздіктерді толықтыру және электронды терминқорды жүйелеу жұмыстарына қолданбалы негіз бола алады. Түйін сөздер: ұлттық терминология, медицина терминжүйесі, қазақыландыру үдерістері, сөзжасамдық модельдер, сүйек-буын атаулары.