БҰЛТТЫҚ СЕРВИСТЕРДІҢ АҚПАРАТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІГІ

2025

Full text Open access: Hybrid Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.52167/1609-1817-2025-140-5-112-126
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Бұлттық сервистер қазіргі цифрлық қоғам ландшафтының ажырамас бөлігі болып табылады. Барлық салаларда компаниялардың бизнес-процестерін қолдауда, оның ішінде сыни бизнес-процестерді қолдауда бұлтты сервистердің рөлін күшейту үрдісі байқалады. Мақалада келтірілген зерттеу пәні мен міндеттері бұлтты технологияны қолданудың басым міндетімен анықталады, ол бұлтты сервистердің ақпараттық қауіпсіздігі болып табылады, әсіресе олардың сыни деңгейіне қарамастан ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның маңызды объектілері үшін. Бұл мәселені шешуде халықаралық қауымдастықтар мен ұйымдар жетекші рөл атқарады, олардың қызмет саласы бұлтты есептеулердің ақпараттық қауіпсіздігіне стандартты тәсілдерді әзірлеу болып табылады. Мақалада IaaS, PaaS, SaaS, және DaaS негізгі бұлтты сервистер нарығының (оның ішінде Қазақстанда да) жеделдетілген өсуін, сондай-ақ бұлтты есептеулерді пайдалану кезінде сыни деректердің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету проблемаларын көрсететін халықаралық зерттеулер нәтижелері бойынша бұлтты сервистерді пайдалану және олардың ақпараттық қауіпсіздігі саласындағы статистикалық деректерге шолу жасалады. Бұлтты есептеулердің ақпараттық қауіпсіздігі саласындағы озық тәжірибелер мен ұсыныстарды стандарттаумен және ілгерілетумен айналысатын халықаралық деңгейдегі жалпыға бірдей танылған ұйымдардың қызметіне шолу жасалады және талданады. Бұл ұйымдардың негізгі бастамалары, ұсынылған қорғаныс механизмдері және бұлтты қауіпсіздікті бақылау категориялары қарастырылады. Оларды тұтынушылар да, бұлттық қызмет провайдерлері де пайдалану өзара түсіністікке, бұлттық шешімдердің қауіпсіздігін, сенімділігі мен үйлесімділігін, бизнес-процестердің тиімділігін арттыруға ықпал етеді.