ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПОЛЬША ЕЛШІЛІГІ ӨКІЛДІГІ (1941–1943): ПОЛЯК ХАЛҚЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ КЕҢЕСТІК БАҚЫЛАУ САЯСАТЫ

2025

Full text Open access: Gold Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.26577/jh20251199
Data confidence 85 high
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Мақалада мәжбүрлеп қоныстандырылған поляктардың Екінші Дүниежүзілік соғыс уақытында жазған арыз-шағымдары, наразылықтары, көрген теңсіздігі мен әділетсіздігі, кеңес билігімен және Польша Республикасы Елшілігі өкілдігімен қарым-қатынасы талданып, Кеңес Одағындағы әміршіл-әкімшіл жүйесінде Елшілік өкілдігінің әртүрлі саяси тетіктерді пайдалана отырып, поляктардың саяси-әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған жемісті еңбектері талқыланады. Шетелдік және отандық тарихнамада Кеңес Одағындағы бұл ұйымның елдің дамуына қосқан үлесі зерттеліп, сыни тұрғыдан қарастырылмады. Соғыс жағдайына байланысты назарға ілінуге лайық біраз саяси оқиғалар болғандықтан, кеңестік жүйеде шетелдік саяси билік органының өмір сүруі жеткілікті деңгейде бағаланбады. Мұрағат құжаттарын зерделей отырып, бұл ұйымның кеңестік жүйенің саяси тиімсіздігі, олқылықтары мен қайшылықтарын жалаңаштағанына назар аударуға болады. Мұрағат құжаттарына дереккөздік талдаумен қатар, салыстырмалы-тарихи, мәселелі-хронологиялық және жинақтау әдістері қолданылды. Кеңес билігі мен Елшілік өкілдігі арасындағы қарым-қатынасты саралау үшін институционалдық әдіс пайдаланылды. Елшілік өкілдігінің поляк ұлтына қатысты барлық мәселелерді шешіп, саяси өмірге араласа бастауы елшілік өкілдігі қызметкерлерінің қудалануына алып келді. Бұл репрессиялық іс-шаралардың жүзеге асырылуы поляк ұлтының еркіндігі мен саяси бостаңдығын шектеп, жоюға бағытталған қадамдары болды деген тұжырымдама жасалды.