Abstract
Жұмыстың негізгі мақсаты теміржол көлігінің сандық экономикаға интеграциялану ерекшеліктерін, үрдістерін, перспективаларын зерделеу және оның орындылығын бағалау болып табылады. Ерекшелігі - теміржол көлігінде сандық технологияларды енгізу және сандық экономикаға көшу мәселелері қарастырылған. Көлік саласын сандық трансформациялаудың негізгі қажетті қадамдарына және сандық технологияларды енгізуден алынған пайдаға талдау жасалды, сандық технологияларды енгізудің тиімділігін шамамен бағалау әдістемесі келтірілді. Жұмыстың жаңалығы сандық экономикаға көшу шеңберінде теміржол көлігінде сандық технологияларды енгізу жолаушылар мен жүктерді тасымалдаудың ашықтығын арттыруға, көрсетілетін қызметтердің сапасы мен спектрін арттыруға, шығындарды азайтуға, электрондық технологияларға көшуге, өндірістік қуаттарды ұлғайтуға, экожүйені жақсартуға, шығарындыларды азайтуға ықпал ететін болады