Коммуникация кезінде балалардың тілдік кодты ауыстыруының әлеуметтік лингвистикалық аспектісі

2025

Full text Open access: Gold Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.26577/ejph202520044
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Қазіргі кездегі балалардың қазақ, орыс және ағылшын тілі элементтерін араластыра сөйлеуі – еліміздегі тілдік жағдаяттың көрінісі. Бұл синхронды қазақ тілінің даму сипатын байқатады. Болашақта осы балалар қазақ тілінің иесі болатынын ескерсек, бұл мәселені бүгіннен бастап шешуді қажет етеді. Мәселені шешудің алғашқы әрекеті тілдік код ауыстырудың себептерін зерттеуден және оның салдарын болжаудан басталады. Балалардың тілдік кодты ауыстыруы Қазақстандағы тілдік жағдаяттың үштілді сипатын көрсетеді. Орыс тіліндегі контенттерді жиі көруі, ата-аналардың ағылшын тілін бала құлағына сіңіру мақсатында халықаралық тілдегі цифрлық контенттерді көрсетуге ұмтылатындығы, ағылшын тілін оқытатын пәндері бар балабақшаларға беруі тілдік кодты ауыстыруына себеп болады. Бұл себептің салдарынан балалардың тілдік код ауыстырып сөйлеуі, сол арқылы ойлауында аралас тілдік әсерден тежелу бар екені, психолингвистикалық ерекшеліктердің болатынына, аралас сипатты қазақ тілінің болашағына апарып соғады. Мақалада зерттеу тақырыбына сәйкес 3-5 жастағы балалардың коммуникациялық мәтін түзуіндегі тілдік код ауыстыруы талданады. Код ауыстыру құбылысының әлеуметтік, психолингвистикалық негізін саралай отырып, бала тілінің дамуына әсер ететін ішкі (когнитивтік) және сыртқы (әлеуметтік, тілдік орта) факторлары сипатталады. Зерттеуде 3-5 жас аралығында балалары бар 15 анадан жартылай құрылымдалған сұқбат нәтижесі көрсетіледі. Зерттеу нәтижелері код ауыстырудың ерте жастағы балалар үшін Қазақстанның қазіргі тілдік жағдаятында қалыпты тілдік даму кезеңі екенін көрсетеді. Себебі қазіргі тілдік жағдаят соған алып барады. Түйін сөздер: код ауыстыру, тілдік орта, коммуникация, психолингвистика, әлеуметтік лингвистика.