1924-1925 ЖЖ. ҚҰРҒАҚШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ОНЫҢ АҚТӨБЕ ӨҢІРІНДЕГІ САЛДАРЫ

2025

Full text Open access: Gold Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.26577/jh20251193
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Мақалада 1924-1925 жылдары ҚазАКСР-да, оның ішінде Ақтөбе өңірінде орын алған қуаңшылық мәселесіне, оның шаруашылық жағдайына және халықтың тұрмыс – тіршілігіне тигізген әсері қарастырылады. Бұрынғы кеңестік, сондай-ақ отандық тарихнамада бұрын – соңды зерттеле бермеген сол кезеңде халық тағы да ауыр жағдайға ұшыраған еді. 1921 -1922 жылдардағы аштық қасіретінен оңа алмай жатқан тұрғындар басына жаңа сынақ азабы үйірілді. Авторлар қалыптасқан жағдайдың жай ғана қуаңшылық деп бағаланған сол жылдары азық – түлік жоқтығынан тұрғындар түрлі суррогат, өсімдік тамырларын, т.б. пайдаланғандарын атап көрсетеді. Дұрыс тамақтанбау және аштық әсерінен түрлі жұқпалы аурулар тарады және тұрғындар арасында адам өлімі кездесті. Архив материалдарында бүтін бір отбасыларының аштықтан өлу фактілері тіркелген. Билік орындары қалыптасқан ауыр жағдайларды реттеуге барынша әрекет етті. Дегенмен олардың түрлі көмек беру, қаржы бөлу жұмыстарында кемшіліктер орын алды. Мақала мақсаты архивтік деректер негізінде Ақтөбе өңірінде орын алған аштықтың себеп – салдарын, соған байланысты үкімет пен партия тарапынан реттеу үшін қолға алынған іс – шараларды, нәтижелерді ашып көрсету болып табылады. Мақалада тарих ғылымының объективтілік, тарихилық принциптері негізге алынды, зерттеудің салыстырмалы әдіс – тәсілдері пайдаланылды. Зерттеу қорытындысы нәтижесінде авторлар ауқымы төмен деп есептелген 1924 -1925 жылдардағы қуаңшылықтың Ақтөбе өңірі тұрғындары үшін қайғы-қасіреті зор болғандығы жайында тоқтамға келеді.