МИНЕРАЛДЫ ШИКІЗАТТЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ СИПАТТАМАЛАРЫН ЕСКЕРЕ ОТЫРЫП, ТАУ-КЕН ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ НЕГІЗГІ КЕЗЕҢДЕРІН ТАҢДАУ

2025

Full text Open access: Hybrid Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.58805/kazutb.v.4.29-1116
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Мақалада негізгі және қосалқы (ілеспе) пайдалы компоненттерді өндіру кезінде алынған барлық түпкілікті өнімдердің құнын және осы өнімдерді өндіруге жұмсалатын шығындарды ескере отырып, қорлардың жай-күйін бағалау ұсынылған, ілеспе пайдалы қазбаларды пайдалануға тартудың экономикалық тиімділігі - калькуляциялық блоктың 1 тоннасын өндіруге және қайта өңдеуге жұмсалатын шығындарға есептелген, қарастырылып отырған пайдалы қазбаны қайта өңдеу кезінде өндірілген түпкілікті өнім құнының қатынасына тең жағдай коэффициенті. Мысал ретiнде Жайрем полиметалл және марганец кен орнының базасында келтiрiлген және күрделi кен орындарында тау-кен жұмыстарын дамытуды, өндiрудiң толықтығын және көп компоненттi кендердiң қажеттi сапасын қамтамасыз ететiн әзiрленген әдiстеменi сынау нәтижелерi алынды. Кешендi кен орындарын игеру кезiнде жер қойнауын пайдалану талаптарын толық қанағаттандыратын тау-кен жұмыстарын дамыту бағытын негiзделген таңдау тиiмдiлiкке неғұрлым елеулi әсер ететiнi анықталды. Көп компонентті кендердің әртүрлі типтері мен сорттарын іріктеу және игеру кезінде күрделі кен орындарын таңдау және игеру тәртібі үшін ашудың ең төменгі коэффициентінің критерийін пайдалануға жол берілмейді. Кен орындарын кешенді игерудің экономикалық тиімділігін бағалау әдістемесі жай-күйінің коэффициенті (Кс) негізінде әзірленді. Осы коэффициент барлық түпкілікті өнім құнының (негізгі және ілеспе компоненттерден) 1 тонна кенді өндіруге және қайта өңдеуге арналған шығындарға қатынасы ретінде есептеледі. Күрделі көп компонентті кен орындарын игерудің толықтығы мен рентабельділігін арттыру үшін әдістемені енгізу. Оңайлатылған өлшемдерге негізделген қолданыстағы тәсілдер (мысалы, ашудың ең төменгі коэффициенті) барлық бағалы компоненттерді оңтайлы алуды қамтамасыз етпейді және экономикалық әлеуетті жоғалтуға әкеледі. Барлық пайдалы қазбаларды экономикалық бағалау негізінде тау-кен жұмыстарын дамыту стратегиясын оңтайландыру. Тау-кен жұмыстарының бағытын негiздi таңдау жекелеген техникалық параметрлердi барынша азайтуға қарағанда жалпы тиiмдiлiкке көбiрек әсер ететiнi анықталды. Бұл жер қойнауын ұтымды пайдалану қағидаттарының сақталуын қамтамасыз етеді. Жайрем полиметалл және марганец кен орнында қорларды алу толықтығы, көп компонентті кендердің қажетті сапасы, ілеспе пайдалы қазбаларды пайдалануға тартудың экономикалық орындылығы.