«Қарқаралы» МҰТП су айдындарындағы балықтардың қазіргі жағдайын бағалау

2025

Full text Open access: Gold Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.51452/kazatu.2025.4(128).2089
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Алғышарттар мен мақсат. Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі (МҰТП) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарында орналасқан Самал, Қимасар және Шоқпартас тоғандары ежелден рекреациялық мақсатта пайдаланылып келеді. Көлдердің табиғи байлығын кеңінен қолданғанына қарамастан, олар әлі күнге дейін жеткілікті түрде зерттелмеген. Жұмыстың мақсаты – балық популяцияларының түрлік құрамы мен қазіргі жағдайын бағалау үшін зерттеулер жүргізу. Материалдар мен әдістер. Қарқаралы МҰТП су айдындарында ғылыми-зерттеу жұмыстары 2024 жылы жүргізілді, нәтижесінде зерттеудің стандартты ихиологиялық әдістеріне сәйкес Самал, Қимасар және Шоқпартас тоғандарындағы балық популяцияларының жағдайы зерттелді. Нәтижелер. Біздің зерттеу барысында Қарқаралы МҰТП су айдындарында тұқы, алабұға және шортан тұқымдас балықтардың 7 түрі анықталды. Сібір тортасын зерттеу кезінде аулаудағы жас құрамы толық болмады және 3-7 жас аралығындағы дарақтарды қамтыды. Негізінен, аулауда үш жастықтар басым болды. Фультон бойынша қондылығы орташа аймақтық көрсеткіштерге сәйкес келеді. Қазіргі уақытта зерттелген барлық су айдындарында қытай мөңкесі тіршілік етеді, ол бұл жерлерге тұқыны балықтандыру кезінде енгізілген. Қытай мөңкесінің қоңдылық көрсеткіштері басқа екі су айдынымен салыстырғанда Қимасар көлінде айтарлықтай жоғары. Шортан ұлттық парктің екі су айдынында – Самал және Қимасар көлдерінде кездеседі. Кәдімгі алабұға популяциясының жастық құрамында үш жастағы балықтар басым болды. Қорытынды. Самал, Қимасар көлдеріндегі және Шоқпартас тоғанындағы балық популяцияларының жағдайы зерттелді. Ихтиофаунаға 7 түр кіреді (қытай мөңкесі, тұқы, сібір теңге-балығы, амур шабағы, сібір тортасы, шортан, кәдімгі алабұға), олардың төртеуі аборигендік және үшеуі жерсіндірілген. Кәсіптік түрлер сібір тортасы, қытай мөңкесі, шортан және кәдімгі алабұға болып табылады. Тұқы аулауда кездескен жоқ. Бұл түрлердің биологиялық көрсеткіштері қанағаттанарлық. Тұқы табындарын сақтау үшін тікелей спорттық және әуесқой балық аулауды ұйымдастыру мақсатымен жас және ересек балықтармен балықтандыру ұсынылады.