Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында мекендейтін қарақұйрықтардың қазіргі жағдайы мен сандық динамикасы

2025

Full text Open access: Gold Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.51452/kazatu.2025.4(128).2071
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Алғышарттар мен мақсат. Бұл мақалада Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркі (бұдан әрі – Шарын МҰТП) аумағында мекендейтін қарақұйрықтардың (Gazella subgutturosa) қазіргі жағдайы мен сандық динамикасы қарастырылады. Зерттеу барысында популяцияның экологиялық ерекшеліктері, санына әсер ететін табиғи және антропогендік факторлар талданды. Нәтижелер.қарақұйрықты қорғау шараларын жетілдіруге бағытталған. Материалдар мен әдістер. Зерттеу жұмыстары 2024 жылы Шарын МҰТП аумағында жүргізілді. Қарақұйрықтардың (Gazella subgutturosa) саны мен таралуы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Зоология институты (2003) әзірлеген нұсқаулық пен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі бекіткен әдістемелік ұсынымдарға (2005) сәйкес есепке алынды. Санақ автомобиль және ат маршруттары бойымен тікелей есептеу әдісімен жүргізілді. Бақылаулар бинокльдер арқылы күндізгі уақытта орындалып, деректер GPS навигаторымен белгіленді. Жұмыстарға ұлттық парк қызметкерлері, мемлекеттік инспекторлар және университет ғалымдары қатысты. Нәтижелер. Зерттеу нәтижелері Шарын МҰТП аумағындағы қарақұйрықтардың (Gazella subgutturosa) популяциясы 2020-2024 жылдары тұрақты өсімге ие болғанын көрсетті. Жануарлар шағын топтарда тіршілік етіп, белсенділігі негізінен күндізгі уақытқа шоғырланды. Биотехниялық шаралар популяция тұрақтылығын сақтауда маңызды рөл атқарды. Қорытынды. Жүргізілген зерттеу нәтижелері Шарын МҰТП аумағында қарақұйрықтардың (Gazella subgutturosa) популяциясы тұрақты өсім мен экологиялық бейімделу қабілетін көрсететінін анықтады. Популяция санына табиғи және антропогендік факторлар әсер етеді, ал биотехниялық шаралар олардың мекендеу тұрақтылығын қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады.