ТЕРІСАҚҚАН ӨЗЕНІ АЛАБЫНДАҒЫ ТОПЫРАҚ ШАЙЫЛУЫН БАҒАЛАУДА ЖАУЫН-ШАШЫН ҚАРҚЫНДЫЛЫҒЫ КОЭФФИЦИЕНТІНІҢ (R-ФАКТОРДЫҢ) РӨЛІ

2025

Full text Open access: Gold Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.26577/jgem20257941
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Қазіргі таңда топырақ эрозиясына (шайылуына) байланысты топырақ деградациясы өзекті экологиялық мәселелердің бірі болып отыр. Бұл процестің ауқымын нақты бағалау және алдын алу шараларын әзірлеу аса маңызды. Топырақ эрозиясы - табиғи және антропогендік факторлардың өзара әрекеттесуінен туындайтын күрделі процесс. Ол жердің құнарлылығын төмендетіп, ауыл шаруашылығына және ұлттық экономикаға үлкен зиян келтіреді. Шығу тегіне қарай топырақ эрозиясы екі түрге бөлінеді: жел эрозиясы (дефляция) және су эрозиясы (шайылу). Атмосфералық жауын-шашынның көп мөлшері мен жоғары қарқындылығы - су эрозиясын күшейтетін негізгі факторлардың бірі. Осы зерттеудің мақсаты - Терісаққан өзені алабындағы жауын-шашын қарқындылығы коэффициентінің (R-фактордың) кеңістіктік таралуын анықтап, оның топырақ шайылуын сандық бағалаудағы рөлін айқындау. Бұл мақсатқа жету үшін геоақпараттық жүйе (ГАЖ) әдістері пайдаланылды: жауын-шашын бойынша метеодеректер интерполяцияланып, алаптың аумағы бойынша R-фактордың мәндері есептелді. Терісаққан өзенінің алабы шығыстан батысқа қарай шамамен 130 км, ал оңтүстіктен солтүстікке қарай 239 км созылып жатыр. Оның оңтүстік бөлігі - төбелі аймақ, ал солтүстік жағы - жазық, сондықтан жауын-шашын мөлшері оңтүстіктен солтүстікке қарай кемиді. Солтүстік-шығыс бөлігінде жауын-шашын мөлшері 302-325 мм болса, оңтүстік бөлігінде 137-176 мм шамасында. Есептелген R-фактор көрсеткіштері де осы заңдылықты көрсетеді: солтүстік-шығыста - 151-162, ал оңтүстікте - 68-88 аралығында. Бұл көрсеткіштер жауын-шашын қарқындылығының су эрозиясының дамуына шешуші әсер ететінін дәлелдейді, әсіресе майда құрылымды топырақтар мен желді аймақтарда. Зерттеудің ғылыми маңызы-осы аумақ бойынша R-факторды есептеу арқылы топырақ эрозиясының кеңістіктік заңдылықтарын нақтылау болса, практикалық мәні - эрозия қаупі жоғары аймақтарды анықтап, тиімді қарсы шараларды жоспарлауға мүмкіндік беруінде.