Abstract
Мақалада электрлі қозғалтқышы бар автомобильді пайдаланудың қыр-сыры қарастырылған. Электрокөліктерге дұрыс техникалық қызмет көрсету - көлікті қауіпсіз ұзақ мерзімді пайдаланудың кепілі екендігін ескере келе, электрокөліктерге техникалық қызмет көрсету кезеңділігі, оны көрсету реті мен оларға техникалық қызмет көрсету мерзімдерін көліктердің түрлеріне қарай айқындау және техникалық күтім кезінде қандай тораптарына бірінші кезекте назар аудару керектігі жайлы нақты ұсынытар келтірілген. Мақалада 1-техникалық күтім кезінде және маусымдық күтім кезінде әр торапқа, атап айтқанда, тежеу жүйесінің, салқындату жүйесінің, электр жүйелерінің бөлшектеріне қандай күтімдік жұмыстар жасалатындығы және оның кезеңділігіне дейін жақсы көрсетілген. Аяз бен суық ауа райында батареяның қуатын сақтау қабілетін айтарлықтай нашарлататындығын айта келе, электрокөлікті қыс маусымындағы көліктің қызмет ету мерзімін ұзарту және максималды тиімділігін арттыру мақсатында батареяның әр түрлі жағдайларда (қуаттау, пайдалану, тұраққа қою кезіндегі) оптималды температуралық режимін сақтау, суық ауа райында пайдалану кезінде қай торапқа көбірек көңіл бөлу, қандай ақаулардың болу ықтималдығы және оны болдырмау туралы егжей-тегжейлі баяндалған. Электрокөліктер жаңбырлы, қарлы ауа-райында немесе тұманда да, терең шалшықтар мен су басу аймақтарында ұзақ уақыт бойы пайдалану электрожабдықтың ылғалдан қорғау мүмкіндігінің шектеулілігіне байланысты электр жүйелеріне зақым келу қауіпін ескертеді. Бұл көлік құралының үлкен массасына байланысты жүріс бөлігі мен басқару жүйелерінде туындайтын қиындықтар мен істен шығушылықтар және оны жою жолдары да дәйекті айтылған. Сонымен бірге, соңында мақала бойынша қорытындылар мен авторлардың ұсыныстары да баяндалған.