АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ АУА САПАСЫН БАҒАЛАУДА ЦИФРЛЫҚ РЕСУРСТАРДЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІ

2025

Full text Open access: Gold Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.51889/3005-6217.2025.85.3.010
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Алматы қаласының ауа сапасы өзекті мәселелердің бірі. Соңғы жылдары экономиканың үздіксіз дамуына, халық санының өсуіне және көлік кептелісінің ұлғаюына байланысты қаланың ауа сапасы нашарлады және атмосфераға ластаушы заттардың шығарылуының артуына ықпал етті. Қаланың географиялық ерекшеліктері, атап айтқанда, тау жоталарымен қоршалуы және жиі болатын ауа тоқырауы, ластаушы заттардың жиналуына әкеледі. Атмосфералық ауаның ластануы - қала тұрғындарының денсаулығына әсер ететін негізгі фактор. Қала аумағының ауа сапасын талдау тұрғындардың денсаулығын қорғау және экологиялық жағдайы мен ластану деңгейін анықтау үшін қажет. Мақалада Алматы қаласының ауа сапасын бағалау және бақылау үдерісінде цифрлық ресурстарды қолданудың маңыздылығы қарастырылды. Қазіргі уақытта ауа ластануын анықтау үшін AirKz, IQAir, AirVisual сияқты онлайн платформалар мен мобильді қосымшалар кеңінен пайдаланылады. Зерттеу барысында осы ресурстардың тиімділігі, дерек-тердің дәлдігі және олардың экологиялық мониторинг жүйесіндегі рөлі талданды. 2025 жылдың наурыз айының 1-10 аралығындағы қаланың ауасын ластаушы заттарға бақылау жүргізіліп, аудандар бойынша ауа сапасы индексіне талдау жасалды. Алматы қаласы аудандарындағы ауа ластануының деңгейі салыстырмалы түрде көрсетіліп, ең проблемалық аудандар анықталды. Зерттеу барысында атмосфералық ауадағы негізгі ластаушы заттар – көміртек оксиді (CO), азот диоксиді (NO₂), күкірт диоксиді (SO₂), қатты бөлшектер (PM-2.5, PM-10) және озон (O₃) көрсеткіштері талданды. РМ-2,5 ұсақ қалқыма бөлшектерінің антропогендік көздері мен қауіптілігі сипатталды. Бұл зерттеу Алматы қаласының экологиялық жағдайын жақсарту және тұрғындардың денсаулығын қорғау мақсатында ауа сапасын бағалауда цифрлық ресурстарды тиімді пайдалану қажеттілігін негіздейді.