Қазіргі әлемдегі дінаралық диалогты қолдау механизмдері мен діни ұйымдардың халықаралық құқықтық реттелуі

2025

Full text Open access: Gold Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.26577//ejrs20254337
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Бұл мақалада қазіргі әлемдегі дінаралық диалогты қолдау механизмдері мен діни ұйымдардың халықаралық құқықтық реттелуі қарастырылады. Мақала дінаралық диалогтың әртүрлі нысандарын, оның теологиялық және әлеуметтік аспектілерін талдай отырып, халықаралық құқықтың, оның ішінде Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) және Еуропа Кеңесі қабылдаған декларациялар мен конвенциялардың рөлін зерттейді. Авторлар мемлекет пен діни ұйымдар арасындағы қарым-қатынастарды реттеудің құқықтық тетіктерін, олардың бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз етудегі маңызын қарастырады. Сонымен қоса мемлекеттер ішіндегі құқықтық реттелуіне, батыстық мемлекеттерді мысалы ала отырып салыстырмалы баға беріледі және Қазақстандағы дінаралық диалог тәжірибесіне де назар аударылады. Бұл зерттеу ар-ождан бостандығы мен қоғамдық тәртіп арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз етудегі құқықтық құралдарды бағалауға бағытталған. Сонымен қоса Біріккен Ұлттар Ұйымы тарапынан бекіткен декларациялардағы дінге қатысты заңдар қарастырылады. Діни ұйымдардың халықаралық құқықтық реттелуіне тоқталып өтіледі. Халықаралық құқықтың дінаралық диалогқа әсері талқыланады. Мемлекеттердегі діни ұйымдардың құқықтық реттелуінің маңыздылығы көрсетіліп, діни төзімділіктің және толеранттылықтың ортаға шығуында елеулі үлесі бар екендігі анықталады. Халықаралық декларацияларда берілген дінге қатысты баптар мақалада тізбектеліп көрсетіліп талқыланды. Дінаралық диалогты нығайту мақсатында діни топтар арасында ұйымдастырылған түрлі дінаралық және мәдениетаралық бастамалар мен іс-шаралар да мақалада көрсетіліп баяндалады. Түйін сөздер: мемлекет, дінаралық диалог, конвенция, декларация, құқық