Дін мен тіл қоғамдық сана құрылымындағы негізгі категориялар ретінде

2025

Full text Open access: Gold Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.26577//ejrs20254335
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Бұл зерттеу дін мен тілдің қоғамдық сананың қалыптасуындағы рөлін және олардың арасындағы өзара байланысты тереңірек түсінуге бағытталған. Зерттеудің негізгі мақсаты – дін мен тілдің қоғамдық санаға әсер ету механизмдерін анықтау және осы процестің әлеуметтік, мәдени және тарихи аспектілерін талдау болып табылады. Зерттеу барысында дін мен тіл ұғымдарының анықтамасы беріледі, қоғамдық сананың құрылымы мен қызметі сипатталады. Сонымен қатар, әртүрлі тарихи кезеңдерде және әртүрлі мәдениеттерде дін мен тілдің қоғамдық санадағы рөлінің ерекшеліктері салыстырмалы талдау жасала отырып қарастырылады. Зерттеу нәтижелері дінтану, әлеуметтану, психология және лингвистика сияқты ғылыми салалар үшін теориялық маңызды болып табылады. Сонымен қатар, осы зерттеудің нәтижелері мемлекеттік саясатты қалыптастыруда, сондай-ақ әртүрлі этникалық топтар арасындағы өзара түсіністікті арттыруда пайдалы болуы мүмкін. Зерттеу барысында әдебиетті жүйелі түрде талдау, салыстырмалы талдау, бақылау сияқты әдістер қолданылды. Зерттеу барысында дін мен тілдің қоғамдық сананың негізгі қалыптастырушы факторларының бірі болып табылатындығы анықталды. Сонымен қатар, дін мен тіл қоғамдық өзгерістердің бағытын анықтайтын маңызды факторлар болып табылатындығы дәлелденді. Бұл зерттеу дін мен тілдің қоғамдық санаға әсер ету механизмдерін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді және осы саладағы отандық зерттеулерге жаңа үлес қосады. Зерттеу нәтижелері әртүрлі салаларда, соның ішінде білім беру, мәдениет, саясат және діни қатынастар салаларында қолданылуы мүмкін. Түйін сөздер: дін, тіл, қоғамдық сана, діни сана, мәдениет