Abstract
Түркістан қаласында 1994 жылы Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті жанынан ботаникалық бақ құрылды. Бұл Қазақстандағы жоғары оқу орны базасында ұйымдастырылған алғашқы ботаникалық мекеме болып саналады. 88 гектар аумақты алып жатқан бақта ағаштар мен бұталар, жеміс-жидекті және сәндік өсімдіктердің 127-ден астам түрі, формасы және сорты өсірілуде. Көптеген өсімдіктер алғаш рет әртүрлі аймақтардан интродукцияланып, жерсіндіру жұмыстары жүргізілді. Бақ ғылыми зерттеулер мен тәжірибелік оқу процесіне арналған маңызды база ретінде қалыптасты.