ДИФЕНИЛКЕТОННЫҢ АЦЕТИЛЕН ТУЫНДЫСЫНЫҢ СИНТЕЗІ

2025

Full text Open access: Hybrid Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.53002/112
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Бұл зерттеу зертханалық жағдайда алынған тазартылған ацетиленді пайдалана отырып, сілтілік ортада дифенилкетонның ацетилен туындыларын синтездеуге арналған. Ацетиленді спирттер мен оларға ұқсас қосылыстарорганикалық синтездегі маңызды аралық өнімдер болыптабылады, өйткені олар фармацевтикалық препараттар, жұқа органикалық химия өнімдері, полимер модификаторлары, беттік-белсенді заттар және қорғанышжабындары өндірісінде кеңінен қолданылады. Осыған байланысты оларды алудың тиімді әрі қайталанғышәдістерін әзірлеуқазіргі органикалық химияның өзекті міндеттерінің бірі болып саналады. Зерттеудің негізгі мақсаты ацетилид-аниондарының дифенилкетонның карбонил тобына нуклеофильдік қосылу реакциясының оңтайлы жағдайларын әзірлеу және тәжірибелік тұрғыдан жетілдіру болды. Реакция механизмін тереңірек түсіну мақсатында ацетиленнің белсендірілуі, аралық өнімдердің тұрақтылығы және реакциялық жүйенің фазалық құрылымының қалыптасу ерекшеліктері зерттелді. Эксперименттік бөлім ацетиленді алу және тазарту, бақыланатын зертханалық жағдайларда синтез жүргізу, реакция өнімдерін бөліп алу және олардың физика-химиялық қасиеттерін бағалау кезеңдерін қамтыды. Зерттеу нәтижелері реакциялық ортаның құрамы мен еріткішті таңдау мақсатты ацетилен туындысының түзілуіне және процестің селективтілігіне елеулі әсер ететінін көрсетті. Синтез жағдайларын оңтайландыру реакция тиімділігін арттыруға және жанама өнімдердің түзілуін азайтуға мүмкіндік берді. Ұсынылған тәсіл полимер химиясында, полиолдар синтезінде, заманауи қорғаныш жабындарын әзірлеуде және басқа да жоғары құнды органикалық қосылыстарды өндіруде қолданылатын ацетиленді спирттер мен диолдарды алуға бағытталған болашақ зерттеулердің ғылыми негізі бола алады.Түйін сөздер—ацетилен, дифенилкетон, нуклеофильді қосылу, сілтілі катализ, ацетилен спирттері синтезі.