Abstract
Аннотация: Қазақстан Республикасында кәсіптік білім беруді дамытудың қазіргі кезеңінде жаңа шешімдерді талап ететін аса өзекті мәселелердің бірі сапалы ағылшын тілін үйренудің әдіс-тәсілдерін жетілдіру қажеттілігі болып табылады. Ағылшын тілі сабақтарында оқытушы қолданатын педагогикалық технологиялар сабақты қызықты және өнімді етеді, сонымен бірге болашақ мамандардың оқуға деген ынтасын арттырады. "Қазақстан Республикасында білім беруді дамыту тұжырымдамасына" сәйкес шет тілін оқытудың мазмұны құндылық бағдарларын қалыптастыруға, атап айтқанда болашақ адамгершілік және рухани құндылықтарды қалыптастыруға, коммуникативтік құзыреттілікті арттыруға, ақпараттық мәдениетті дамытуға, әмбебап білімді дамытуға ықпал етеді. Оқыту үдерісінде оқытушылар мен психологтар педагогикалық іс-әрекеттің сәтті болуына кепілдік беретін ең тиімді технологияларды атап өтеді. Осындай тиімді технологиялардың біріне түрлі көркемдік технологиялардың оқу үдерісіне ендіру жатады. Арт-технологиялар педагогика мен психологияда ерекше орын алады, арт-терапияның әдістері мен тәсілдері көбірек қарастырылады. Бұл ежелден келе жатқан өнер техникасы болып табылады. Дәлірек айтқанда, оның прототипі – қасиетті өнердің саналуандылығы. Біз осы мақалада қарастырған арт-терапиялық технология – педагогикалық бағыт болып табылады, өйткені ол дені сау адамға арналған және даму, тәрбие және әлеуметтену міндеттері бойынша бірінші орынға шығады. Арт-терапияның арқасында көркемдік қызмет арқылы адамның, топтың немесе ұжымның эмоционалды әл-ауқаты мен психологиялық денсаулығына қамқорлық жасалады.