СЕМИОТИКАЛЫҚ РЕДУКЦИОНИЗМ ЖӘНЕ ОНЫҢ МӘДЕНИ ДАМУҒА ӘСЕРІ:ФИЛОСОФИЯЛЫҚ АСПЕКТІ

2025

Closed access Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.48010/2025.4/1999-5911.07
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Мақалада семиосфера (таңбалық құралдар жүйесі) феномені мәдениеттің атрибуты және оның ерекше өлшемі ретінде қарастырылады. Зерттеуде семиотикалық редукционизм сынға алынады, әсіресе ол 1960–1980 жылдары Тарту-Мәскеу семиотикалық мектебінің өкілдерінің еңбектерінде айқын көрініс тапқаны көрсетіледі. Мақалада семиотикалық редукционизмді ұстанғандар идеалдық және нақтылық категориялары мен олардың диалектикасын елемейді. Ол мәдениеттің тұтастай семиосферамен теңестірілуіне және соның салдарынан «семиосфера» ұғымының мәнсізденуіне алып келген. Сондай-ақ, мақалада дәстүрлі қазақ киіз үйіне семиотикалық талдау жасалған. Киіз үй материалдық феномен бола тұра, рухани-символдық мазмұнға қанық және әлем құрылымының үлгісі ретінде көрініс табады. Ондағы әрбір элементтің өзіндік семиотикалық және сакралды коннотациялары бар. Киіз үйдің тік және көлденең құрылымы талданып, оның функционалдық, символдық және космологиялық деңгейлері айқындалады. Ерекше назар ең жоғары қасиетке ие элементтерге – шаңыраққа, ошаққа және есікке аударылады. Бұл элементтер адам, әлем және ғарыштың бірлігін бейнелейтін идеяны тұтастай қамтиды. Осылайша, дәстүрлі қазақ киіз үйі материалдық пен руханилықтың ажырамас бірлігін білдіретін мәдени семиосфераның бірегей феномені ретінде қарастырылады. Түйін сөздер: семиосфера, семиоз, мәдениет, белгі, мағына, мән, идеал, нақты, тұрғын үй, киіз үй.