СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ЖӨНІНДЕГІ ЗАҢНАМАСЫНА ҚҰҚЫҚТЫҚ МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Journal of actual problems of jurisprudence, 2025

Full text Open access: Gold Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.26577/japj2025114214
Data confidence 85 high
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Сыбайлас жемқорлық мемлекеттің және қоғамның дамуына кедергі келтіретін құқықтық мәселе болып табылады. Мемлекеттің міндеті – сыбайлас жемқорлықтың мемлекетпен қоғамның дамуына теріс әсерін азайту. Бұл мақалада Қазақстан мен шетелдердің сыбайлас жемқорлықпен күреске қатысты бірқатар мәселелер зерттеледі. Авторлар Қазақстан Республикасының және шетелдердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы қылмыстық және өзге де заңнамасын талдайды. Әр мемлекет сыбайлас жемқорлықпен күрестің өз жолын таңдайды, мұның көп бөлігі қылмыстық және әкімшілік заңнаманың даму деңгейіне, қоғамның сыбайлас жемқорлықпен күреске қаншалықты қатысатынына, құқықтық сана деңгейіне және мемлекеттік қызметшілердің өздеріне байланысты. Сыбайлас жемқорлықпен тиімді күресіп жатқан шетелдер заңнамасы мен халықаралық құқықтық актілер үлкен қызығушылық тудырады, себебі олар тәжірибе алмасуға, қазақстандық құқықтық көзқарасты қайта бағалауға, сыбайлас жемқорлықпен күреске қатысты ұғымдар мен құқықтық нормаларды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы мен басқа да заңнамалық актілеріндегі тәсілдерді жетілдіруге мүмкіндік береді.Зерттеу нысаны – қылмыстық құқық саласындағы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл жөніндегі заңнамасы. Зерттеу пәні: Қазақстан қоғамын әлеуметтік экономикалық жақсарту жағдайында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі заңнама негізінде қылмыстық құқық саласындағы қолданыстағы заңдарға доктриналық мониторингті жүзеге асыру. Зерттеудің мақсаты. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша дамыған шетел мемлекеттерінің моделін Қазақстанның қылмыстық құқық нормаларына енгізудің әдіснамалық негіздерін белгілеу. Жұмыстың маңыздылығы. Қылмыстық құқық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет саласында жекелеген олқылықтардың орнын толтырудан, ҚР ҚК жетілдіру мәселелері бойынша заң шығару қызметінде қолдану мүмкіндігінен тұрады.Түйін сөздер: сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, қылмыстық заңнама, қылмыстық жауапкершілік, жаза.