ӘЙЕЛ МІНЕЗІ СИПАТЫ АТАУЛАРЫНЫҢ ЛИНГВОМӘДЕНИЕТТАНЫМДЫҚ НЕГІЗДЕРІ

2023

Full text Open access: Gold Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.48371/phils.2023.61.25.002
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Мақала әйел мінезі сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздерін іздеу, талдау, зерттеу бағытында жазылып, атаулардың қолданыста болуын және қолданыстан шығу тегін қарастырады. Мақаланың мақсаты – әйел мінезі сипаты атауларының пайда болу, қолданысқа ену, таралу мәселелерін лингвомәдениеттану саласы негізінде саралау, атауларды нақты мысалдармен талдау. Негізгі бағыттары мен идеялары – мақаланың ғылыми-тәжірибелік сипатын және әйел мінезі сипаты атауларының дүниетанымдық, этнологиялық және мәдени аспектілерінің қазақ руханиятындағы орнын анықтау, лингвомәдениеттанымдық негіздерін талдау. Мақаланың ғылыми маңыздылығы – әйел мінезі сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздерін анықтау арқылы тіл білімінің бүгінде көп зерттеліп қарастырылмаған лингвомәдениеттану саласының дамуына әсер етуі болса, практикалық маңыздылығы – қазақ тіліндегі әйел мінезі сипаты атауларының лингвомәдениеттанымдық негіздерінің зерттелуін саралай отырып, атауларды жағдаятқа байланысты, мағыналық реңкін жоймай, ұлттық тіл заңдылықтарына сай дұрыс қолданысқа енуіне үлес қосу. Мақалада мінез атауларының мәдени және тілдік факторлармен үйлесімде пайда болуы негізін анықтау мақсатында ономастикалық, этимологиялық, семантикалық, лингвистикалық және лингвомәдениеттанымдық салыстырмалы талдаулар жүргізілді. Өзге авторлар бұған дейін қарастырған, зерттеген жұмыстар теріске шығарылмай, керісінше сол зерттеу үлгілерін қолдану негізінде атаулардың бірнеше түрі мағынасына, қолданылу сипатына, шығу тарихына сай сараланды. Талдау барысында ұлттың мәдени, географиялық, этнографиялық ерекшеліктерін негізге алады. Авторлар мақаланың негізгі нәтижелері мен талдауы, қорытындысында әйел мінезі сипаты атауларын лингвомәдениеттанымдық негіздері аспектісінде зерттеу әдісін, олардың көркем әдебиет, ғылыми мәтін және күнделікті қолданыстағы ауызекі сөйлеу ерекшелігіндегі көрінісін, мәдени сипатын, ұлттық дүниетанымға тән пайда болу жүйесін, шығу тарихы туралы зерттеуін отандық және шетелдік зерттеушілердің ғылыми талдаулары, тұжырымдары арқылы дәлелдейді. Мақаланың құндылығы және оның тіл білімінің лингвомәдениеттану саласына қосқан үлесі, ондағы зерттеу нәтижелерінің тәжірибелік маңызы тіліміздегі әйел мінезі сипаты атауларының ауызекі тіл мен жазба әдебиеттегі қолданысын анықтап, мысалдармен талдау, қолдану жиілігіне қарай белсенді атауларды анықтауға, атаулардың этнонимдік мәнін ашып, саралауға, әрі теориялық анықтама тудыруды, тіліміздегі әйел мінездерінің атаулық мағынасын ұғынып, саналы түрде қолдануды жүзеге асыру. Мақала қорытындысының практикалық маңызы – атаулардың бүгінде қолданыстан шыққан түрлері мен қолданыстағыларын салыстырып, олардың өз мағынасына сай жұмсалуын қалыптастыруды жүзеге асыру, халықтың тілдік мәдениетін дамыту.