КӨШПЕЛІЛЕР ӨМІРІНДЕГІ ЖЫЛҚЫНЫҢ РӨЛІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ КӨРКЕМ БЕЙНЕСІ

2023

Full text Open access: Gold Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.48371/phils.2023.27.14.022
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

«Ұлы даланың жеті қыры» бастамасы қазақ тарихына, этнографиясына, фольклорына қатысты зерттеулерге жаңа леп берді. Археологиялық және этнографиялық зерттеулер көрсеткендей, Ұлы Дала өркениетінің жылқыны қолға үйрету сынды жетістіктері адамзаттың мәдени дамуының маңызды бөлігі болып табылады. Дегенмен, Ұлы даладағы жылқының рөлін әдеби және фольклорлық мұралар тұрғысынан кешенді зерттеу әлі күнге дейін жүргізілмеді. Бұл мақаланың өзектілігі жылқының Ұлы Даладағы рөлін, оның әдебиеттегі бейнесін талдау арқылы дүниежүзілік тарихтағы түркі мәдениетін тануға, әлемдік өркениеттегі өз орнымызды анықтауға бағытталғандығында. Бұл өз кезегінде қазақ тарихына біржақты баға беруді, соның ішінде атты қолға үйрету мәдениетіне қатысты еуроцентристік стереотиптердің мысалдарын жоққа шығара отырып, тәуелсіз ғылыми деректерге негізделген көзқарасты қалыптастыруға мүмкіндік береді. Әдебиетіміздегі адам санасының қазынасына үлкен үлес қосқан мәдениеттің мұрагері екенімізді сезіндіретін әдеби шығармалар зерттеу нысанына алынды. Біздің әдеби мұрамыз өлкедегі тарихи үдерістерді жаңа концептуалды пайымдауға жетелеуі керек. Оның үстіне әдебиеттегі, поэзиядағы, халық ауыз әдебиетіндегі жылқының келбетін зерттеу – болашақты қалыптастырудың құралы. Екінші жағынан, отаршылдық езгі қазақ болмысының эволюциялық дамуын тоқтатып, рухани дағдарысқа әкелді. Соның салдарынан империялық режим ұлттың сан ғасырлық этногенетикалық тегіне, мәдениетіне көлеңке түсірді. Көне шежіре көмескіленіп, қазақ елі мемлекеттігінен айырылып қала жаздады. Рухани жаңғыру идеясының заңды жалғасы болған бастама қазақ тарихын, әдебиетін, әдет-ғұрпын, мәдениетін отарсыздандыруға жол ашты. Сондықтан, бұл зерттеудің мақсаты – халық ауыз әдебиетінен бүгінгі күнге дейінгі әдеби мұраларда көрініс тапқан жылқының ұлт үшін алатын орны мен маңызын ғылыми тұрғыда айқындап, адам тағдыры мен болмысын ашу үшін романдардағы жылқының интуициясын бейнелеу жолдарын талдайды. Бұл зерттеу салыстырмалы және сипаттамалық талдау әдістерін қолданып, қазақ әдебиетіндегі жылқы образына әдеби шолу жасау арқылы жүргізілді. Зерттеу нәтижесін қазақ және түркі елдері әдебиеті мен мәдениеті, этнографиясына қатысты ғылым салаларында қолдануға болады. Мақала ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Қазақ көшпелілерінің өміріндегі жылқының рөлі және оның ұлттық әдебиеттегі көркем репрезентациялануы» атты гранттық жобасы (IRN AR 14872341) негізінде жарияланды.