СӘБИТ МҰҚАНОВТЫҢ ЭПИСТОЛЯРЛЫҚ МҰРАСЫ

2023

Full text Open access: Gold Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.48371/phils.2023.53.96.024
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Бұл мақалада академик-жазушы Сәбит Мұқановтың өз замандастарымен, қаламгерлермен, оқырмандарымен, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлерімен жазысқан және басқалардан алған хаттары мен жазба-деректері қарастырылады. Сәбит Мұқановтың хаттары Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік архивінде 1634-қорда сақтаулы. Мақаланың мақсаты – жазушының хаттарын қарастырып, хаттарының тілін, стильдік ерекшеліктерін, мазмұнын, көркемдік құрылымын, қоғам мен заман шындығын анықтау. Қазақ әдебиетінде эпистолярлық жанрға барынша ұқыптылық танытқан жазушының бірі – академик-жазушы Сәбит Мұқанов. Қаламгердің эпистолярлық мұрасы өте бай. Мәселен, Сәбит Мұқановқа Шәкәрім Құдайбердіұлының, Мағжан Жұмабаевтың, Мұхтар Әуезовтің, жазған хаттары және жазушының Ыдырыс Уәлихановқа, Сәйфи Құдашқа, Әзілхан Нұршайықовқа, Ғалым Малдыбаевқа, Қызылжар қаласының тұрғындарына арнап жазған хаттары қамтылып, талданды. Қаламгер хаттарының тілі, стильдік ерекшеліктері, мазмұны, көркемдік құрылымы, қоғам мен заман шындығы анықталды. Мақаланы жазу барысында дәстүрлі ғылыми талдау мен жинақтау, хронологиялық, кешенді, жеке талдау әдістері негізге алынды. Жазушы Сәбит Мұқанов хаттарында көбінесе әдебиеттің, көркем шығарманың тағдыры, ұлт мұрасы, халықтың жағдайы, туған жер мәселесі кеңінен сөз болады. Хаттар арқылы жас қаламгерлерге ұстаздық ақыл-кеңесін аямаған. Хаттардан жазушының азаматтық өсу жолының шежіресін және эпистолярлық жанрды терең түсінгенін көреміз. Зерттеу нәтижесінде, барлық хаттардың мазмұны жағынан әр алуан екендігіне көз жеткіздік. Сәбит Мұқановтың хаттарына қатысты талдау нәтижелері мен қорытындылар жазушының эпистолярлық шығармашылығына тың пайымдау жасауға мүмкіндік береді. Халық жазушысы Сәбит Мұқанов мұрағатындағы бағалы хаттары – қалың көпшілікке, пайымды оқырмандарға, жазушы шеберханасы мен әдебиет тарихын зерттеушілерге таптырмас құнды деректер болып табылады. Зерттеу жұмысының ғылыми маңыздылығы: мақала жоғары оқу орындарында оқытылатын «Әдебиет сыны» пәнінің мазмұнына үлес қосады. Ал практикалық маңыздылығы: зерттеу нәтижелерін «Мұқановтану» пәні бойынша дәрістер мен практикалық сабақтарға дайындық кезінде қосымша оқу материалы ретінде пайдалануға болады.