ДИСКУРСТЫҢ ИДЕОЛОГИЯМЕН АРАҚАТЫНАСЫ

2022

Full text Open access: Gold Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.48371/phils.2022.67.4.013
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Ұсынылып отырған мақалада дискурс пен идеологияның өзара қатынасы, дискурсологиядағы осы мәселеге қатысты қалыптасқан тұжырымдар талданады. Мақаланың мақсаты – идеология мен дискурстың өзара тығыз байланысын, идеологияның таралуы дискурста жүзеге асатынын, идеологияның таңбалардың тұрақталған мағыналар жиынтығы болатынын зерделеу, дискурстық бірліктермен дәйектеу. Мақаланың ғылыми маңыздылығы дискурсологияда идеология мен дискурстың өзара тығыз байланыстылығына қатысты теориялық тұжырымдарды өзара салыстырып, практикалық деңгейде деректерді талдау арқылы негіздеуінен көрінеді. Мақалада көтерілген мәселелерді талдауда дискурсты автоматты талдау мектебінің, дискурс теориясы мен дискурсты сыни талдау бағыттарындағы зерттеулер тұжырымдарына сүйенілді. Зерттеу дискурстық талдау, мәтінді лингвистикалық талдау әдісі арқылы жүргізілді. Мақаланың негізгі қорытындысында идеология мен дискурстың тығыз байланыстылығы, қандай сөз айтылса да ол белгілі бір әлеуметтік топтың (сөйлеушінің не адресант пен адресат тиесілі) өмір ұстанымдарына сай құрылатындығы, дискурстың идеологияны тасымалдаушы, оның материалдық қабы екендігі, идеологияның әлеуметтік топтардың таным-түсініктеріне сай орныққан, тұрақтанған мағыналар жиынтығы сапасында ұғынылатындығы, дискурста идеологиялық мақсатқа сай арнайы бірліктер халық танымына сәйкес таңдалып жұмсалатындығы, дискурсқа қатысушы санасына әсер ету үшін түрлі тәсілдер мақсатты түрде қолданылатындығы берілді. Қазақстандағы Президенттік кезектен тыс сайлау мәселесіне қатысты дискурстық формацияларға, Абайдың қара сөздерінің бүгінгі заман талабына сай идеологиялық мақсатта қолданылуына талдаулар жасалды. Дискурстық формация, идеология, интрадискурс, интердискурс түсініктеріне берілген анықтамалар келтіріліп, оның дискурсты талдаудағы нақты үлгісі мысалмен түсіндірілді. Мақаланың құндылығы мазмұны мен негізгі тұжырымдарының дискурсология бағытындағы зерттеулерге материал бола алатындығымен анықталады. Практикалық маңыздылығы талдау үлгілерінің көрсетілуімен байланысты.