КЕЙБІР ӨСІМДІК АТАУЛАРЫНЫҢ ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТЫ

2023

Full text Open access: Gold Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.48371/phils.2023.71.4.015
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Қазақ даласы жер бедері алуан түрлі, өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне бай. Халықтың ұлттық болмысын, рухани мәдениетін, салт-дәстүр ерекшелігін табиғат-адам қатынасына сай келетін өсімдік атаулары көрсетеді. Жылдар бойы өсімдік атауларының биологиялық ерекшеліктері мен құрылымдық жүйесі қарастырылды. Ал олардың семантикасы, фитонимдердің жасалу уәжі, ұлттық ерекшелігі әлі де зерттеуді талап етеді. Зерттеу жұмысының мақсаты – қазақ тіліндегі өсімдік атауларын нысан етіп алып, олардың когнитивтік лингвистикадағы орнын анықтау, этнографиялық сипатын көрсету. Зерттеу жұмысының маңыздылығы адыраспан, жусан, қамыс, бадам, жаңғақ секілді фитонимдердің этимологиясын, лингвистикалық ерекшеліктерін, емдік қасиеттерін, киелілік, магиялық, мифтік айрықша белгілерін қарастыру. Мақаланы жазу барысында сипаттау, лексика-семантикалық талдау, жүйелеу әдістері қолданылды. Зерттеу жұмысының негізгі нәтижесінде адыраспанның пайдасы, басты ерекшелігі туралы ақпарат беріліп, түрік және қазақ халықтарының осы өсімдік жайлы таным-түсініктері салыстырылды. Жусан өсімдігінің этимологиясына тоқталып, қазақ танымындағы символдық мәні ескерілді. Қамыс фитониміне анықтама беріліп, этнографиялық сипаты айқындалды, сонымен қатар қамысқа байланысты кездесетін түс жорулар қарастырылды. Ғалымдардың теориялық пікірлері ескеріліп, аталған өсімдіктердің көркем әдебиетте қолданылу ерекшеліктері, фитонимдер негізінде жасалған тұрақты тіркестер мен тілдік бірліктер көрсетілді. Өсімдіктерге қатысты тіл білімінде, ауыз әдебиеті үлгілерінде кездесетін теңеулер, ырым-тыйым сөздер мен мифологиялық ақпараттар, наным-сенімдер қарастырылды. Зерттеудің практикалық маңызы:этнографиялық сөздіктерді пайдалана отырып берілген өсімдіктердің этнолингвистикалық сипаты анықталды. Антропоөзектік парадигма негізінде өсімдік атауларына қатысты бірліктерді адамның танымдық ойлау қабілетімен байланыстыра қарастыру қолға алынды.