МЕДИАКЕҢІСТІКТІҢ ДИСКУРСИВТІК ТҰЛҒАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА ӘСЕРІ (Сара Вагенкнехт тұлғасын сараптау материалдары негізінде)

2024

Full text Open access: Gold Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.48371/phils.2024.72.1.016
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдардың соңғы жетістіктерінің бірі – ол бір қарағанда абстракты болып көрінетін дискурс ұғымын жан-жақты талқылап қана қоймай, сонымен қатар оны әр түрлі эмпирикалық материалдармен тиянақты дәлелдеу арқылы қамтамасыз етуінде. Ұсынылып отырған мақаланың да негізгі мақсаты қазіргі заманға лайықты тұлға бейнесі медиакеңістікте дискурс сарапшыларының ықпал етуі арқылы қаншалықты қалыптасатынын және оны оқудың әлеуметтік, гуманитарлық ғылымдарға тигізетін әсері мен маңызын көрсету. Себебі дискурс – қоғамдық процесс: ойлау, түсіну, саралау мен ұғынудағы материалдық шындық. Ол қоғам мүшелеріне қаншалықты әсер етсе, олар да дискурстың болуына соншалықты «ыңғайлы орта» жасайды және әр түрлі танымдық ойлар тууына әсер етеді. Бұл жағдайды дискурсивтік талдаудың маңызды формасы ретінде қарастыруға болады. Сол себепті полилингвистикалық жағдаяттарда тілдегі кез келген дискурсты фактуалдық талдау тұрғысынан қарастыру барлық жағынан да ұтымды шығады. Сонымен қатар лингвистикалық ғылымда тек бір тілдің материалдарымен шектелмей, басқа да шетел тілдерінің мазмұндық корпусына жүгінген жөн. Ол әсіресе шетел тілдері мен филологиясын оқитын, аударма мәселелерін талқылайтын мамандар үшін құнды. Соған қарамастан қаншама ұстанымдар мен көзқарастарды саралаудың негізінде біздің түйген ойымыз: дискурстың ешқандай да монолитті құрылым емес екеніне көз жеткізуге болады. Ол бар болғаны әлемге және оның көріністеріне деген біршама түсініктер береді немесе дискурс объективті шындықты түсіндіру жолындағы қол жетімді ұлттық-мәдени конструкциялар сұлбасы бола алады. Үнемі өзгеріп отыратын шындық кеңістігі мен ондағы үлгілер медиа құралдары арқылы ақпараттық бейнелеуде бекітіліп, реттеліп және қабылданып отырады. Ол қоғам мүшелерінің ойлау тәсіліне айтарлықтай әсерін тигізетін болғандықтан, үнемі зерттеліп, тиісті бағасын алып тұруы қажет. Осы және басқа ойларымыз мақалада депутат Сахара Вагенкнехттің (Sahra Wagenknecht) бейнесін дискурстық талдау негізінде берілді.