БӘСЕКЕЛЕС АУДАРМАЛАРДЫҢ ПАЙДА БОЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ (АБСУРД ӘДЕБИЕТІНІҢ АУДАРМАЛАРЫ НЕГІЗІНДЕ)

2023

Full text Open access: Gold Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.48371/phils.2023.70.3.018
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Ұзақ жылдар бойы көркем мәтіндерді аудару аударма теоретиктері мен практиктері арасында үлкен қызығушылық туғызып келеді. Аударма ғылымы үнемі қозғалыста және даму үстінде, өйткені тілдің лексикалық құрамы үнемі өзгерістер мен жаңартуларға ұшырайды, сондықтан аударма мәселесі әрқашан өзекті болып қала береді. Оның үстіне қазіргі лексика мен тілдік бірлік, дүниені жаңаша қабылдау, өзекті әдебиет аударма барысында қиындықтар туғызады. Ғылыми тұрғыдан алғанда аударма көптігінің пайда болуы заңды және жаңа аудармалардың тұрақты қажеттілігін негіздейді. Қайта аударма негізінен ғылыми немесе техникалық мәтіндерге емес, көркем мәтіндерге жүргізіледі. Ал, абсурд әдебиеті өз кезегінде көркем мәтінге жататындықтан, абсурд әдебиетінің аудармаларын зерттеу және талдау аударма көптігінің пайда болу себебін ашуға көмектеседі. Зерттеудің мақсаты – абсурд әдебиеті аудармалары негізінде аударма көптігінің пайда болу мәселелерін ашу болып табылады. Осы мақсатқа жету үшін мынадай міндеттер белгіленді: көркем мәтіндердің аударма көптігінің пайда болу себебін анықтау, абсурд әдебиетінің аудармаларын талдау, абсурд әдебиетінің барабар аудармасына қол жеткізу үшін аударма шешімдерін анықтау. Зерттеу барысында салыстырмалы талдау әдісі, мәтіннің лингвистикалық ерекшеліктерін сәйкестендіру арқылы дискурсивті талдау жасау әдісі және сипаттау әдісі қолданылды. Соңғы жылдардағы зерттеулер көрсеткендей, абсурд әдебиетінің аудармасын зерттеу лингвистер, әдебиеттанушылар, филологтар мен аудармашылар үшін үлкен теориялық және практикалық қызығушылық тудырады. Зерттеудің теориялық және практикалық маңыздылығы оның нәтижелерін аударматану мен филология зерттеулерінде, көркем мәтіндерді аудару курстарын оқыту тәжірибесінде пайдалану мүмкіндігінен көрінеді. Қазақстанда әзірге оқырмандар, тіл мамандары мен аудармашылар арасында абсурд әдебиетіне деген қызығушылық енді байқалып келеді. Осыған байланысты абсурдтың эстетикасы қазақстандық оқырмандар үшін әлі де жаңа және өзекті, сондықтан да абсурд әдебиеті мәтінінің бірнеше аудармасының пайда болуы орынды. Зерттеу жұмысының негізгі нәтижесі аударма көптігінің негізгі себептері аудармашының түпнұсқа мәтінді дұрыс түсінбеуі, аударма қателері мен тілдік сәйкессіздіктер екендігін анықтау болып табылады.