ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ “СОҒЫС” КОНЦЕПТІСІ (М.МАҚАТАЕВТІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ НЕГІЗІНДЕ)

2024

Full text Open access: Gold Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.48371/phils.2024.72.1.033
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Аталған мақалада соғыс тақырыбында жазылған шығармалар тарихи әлеуметтік-мәдени контекстте қарастырылды. Ғылыми-зерттеу мақалада көзделген негізгі мақсат - соғыс тақырыбына жазылған шығармалардағы “соғыс” концептісінің танымдық ерекшелігін айқындау. Зерттеу нысанына әлем әдебиеті мен қазақ әдебиетіндегі соғыс тақырыбына жазылған шығармалардың мазмұндық ерекшеліктері негізге алынды. Оларды анықтау барысында майданға қатысқан ақын-жазушылардың шығармаларындағы соғыс тақырыбы сараланды. Майданға қатысқан және жастық не балалық шағы соғыс жылдарына тап келген ақын-жазушылар шығармалары басшылыққа алынып, зерттеу тақырыбына арқау болды. Жұмыстың ғылыми маңыздылығы ретінде соғыс тақырыбына жазылған шығармаларға салыстырмалы-тарихи талдау жасау арқылы жеңген не жеңілген тарап ақын-жазушылары туындыларындағы соғыс концептісінің танымдық ерекшелігі қарастырылатынын айтуға болады. М.Мақатаев туындыларының көркемдік поэтикасы, тілдік құрылым ерекшеліктері тұрғысында зерттеу еңбектері жүргізілгенімен туындыларындағы соғыс тақырыбы тұрғысынан талданбағаны анықталды. Зерттеу барысында М.Мақатаевтің тура не жанама түрде соғыс тақырын сипаттайтын туындыларының танымдық ерекшеліктеріне талдау жүргізілді. Қазақ және әлем әдебиетіндегі “соғыс” концептісін талдауда салыстырмалы-тарихи, компартивистикалық әдістер қолданылды. Зерттеудің нәтижелері ретінде: М.Мақатаев шығармаларының негізгі идеялық мазмұны қарастырылып, туындыларындағы “соғыс” концептісінің танымдық сипаты айқындалды. Қазақ әдебиетіндегі соғыс тақырыбына жазылған шығармалар мен “жоғалған ұрпақ өкілдерінің” туындылары арасындағы ерекшелікке талдау жасалды. Мұндай ерекшеліктің орын алуы, бірінші және екінші дүниежүзілік соғыстың саяси-аймақтық ықпалымен байланысты. Сол себепті әдебиет тарихында соғыс тақырыбында жазылған туындылар өзекті болып табылады. Жүргізілген зерттеу жұмысы қазақ әдебиеті мен әлем әдебиетіндегі “соғыс” концептісінің ерекшелігін анықтауға мүмкіндік береді. Зерттеу нәтижесінде жасалған ғылыми тұжырымдар Мұқағали Мақатаев туындыларындағы танымдық ерекшеліктерді анықтауға негіз болады. Мақаланың практикалық маңызы: зерттеу нәтижелерін жоғары оқу орындарында «Қазақ әдебиеті», «Әдебиеттану», «Әлем әдебиеті» пәндерін оқытуда, аталған пәндер бойынша семинарларда қолдануға болады. Жұмыстың нәтижелері осы саладағы зерттеу жұмыстарына септігін тигізеді.