ТІЛ АЛМАСТЫРУҒА ДЕГЕН КӨЗҚАРАС ПЕН ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІНДЕГІ ТІЛ АЛМАСТЫРУҒА ӘСЕР ЕТЕТІН ФАКТОРЛАРДЫ АНЫҚТАУ

2022

Full text Open access: Gold Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.48371/phils.2022.65.2.020
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Үштілділік саясатының бір бөлігі ретінде Қазақстанда көптеген жоғары оқу орындары ағылшын тілінде оқытуды енгізіп, тіл (код) алмастыру құбылысы кеңінен орын алатын көптілді білім беру орталарының құрылуына үлес қосты. Сөйлеу барысында тіл алмастыру тіл үйренудің бастапқы кезеңдерінде табиғи түрде жетіспейтін білімді өтеу стратегиясы ретінде орын алғанымен, бұл тақырыпта жүргізілген зерттеулер аталмыш құбылыстың тілді меңгерудің соңғы жетілген кезеңдерінде де кездесуі мүмкін екендігін көрсетеді. Аталмыш зерттеу қазақстандық ағылшын тілінде білім беретін университтегі тіл алмастыру құбылысына деген үш магистранттың көзқарасын зерттеу және екінші және үшінші тілді меңгеру деңгейі жоғары магистрант студенттердің тіл алмастыруына алып келетін негізгі факторларды анықтау мақсатында сұхбатқа негізделген сапалы әдісті пайдаланды. Зерттеуде студенттертің тіл алмастыруына әсер ететін факторлар Водак, Кржижкновск және Форхтнер ұсынған мәнмәтінге тәуелді факторлар жиынтығына сүйене отырып талданды. Зерттеу нәтижесі қатысушылар тіл алмастыру құбылысы ресми мәнмәтіндерге сай емес жағымсыз құбылыс деп санағанымен, оның топтық талқылаулар мен топтық миға шабуыл жаттығуларын тездету, сыныптастар арасында қарым-қатынас орнату, тілдер арасындағы лингвистикалық айырмашылықтарды түзету және сөйлеу ағымын жақсарту сияқты бірқатар функцияны орындайтынын растайтынын көрсетті. Оқытушы немесе сыныптастардың тіліне бейімделу, өзіндік бірегейлігін көрсету, өз тілдік репертуарындағы тілдермен тәжірибе жасап сынау сияқты факторлар қатысушылардың тіл алмастыруына әсер ететін үш негізгі фактор ретінде айқындалды. Зерттеу нәтижелері тіл алмастыру оқудағы студент белсенділігін арттыруға себепкер болып тіл үйренушінің дамып келе жатқан көп құзіреттілілігің көрінісі болып табылатынын алға салатын бірқатар теорияларды толықтырады.