ҚАЗАҚ ТІЛІН ҚАРАПАЙЫМ ДЕҢГЕЙ СТУДЕНТТЕРІНЕ ОҚЫТУДА ЖИІЛІК СӨЗДІККЕ НЕГІЗДЕЛГЕН ЖАТТЫҒУЛАРДЫ ҰСЫНУ ЖОЛДАРЫ

2024

Closed access Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.48371/peds.2024.72.1.025
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Мақалада қазақ тілін оқыту барысында жиілік сөздіктерді пайдалану мүмкіндіктері қарастырылады, сонымен қатар қазақ тілі қолданысындағы жиілік сөздікке негізделген жаттығулар жүйесі мен жұмыс жолдарына қысқаша шолу жасалады. Тілміздегі, оның ішінде бейіні техникалық жоғары оқу орындарында белсенді оқытылатын сөздік қор шегарасын, сол арқылы қазақ тілін, әсіресе екінші тіл ретінде үйренетіндерге арналған тиімді оқулықтар мен оқу құралдарын, оларға база болатын лексикалық-грамматикалық минимум әзірлеуге қажетті лексикалық материалды анықтау, қазіргі кезде оқытуда аса бір маңызды мәселенің бірі десе де болады. Мемлекеттік тілді меңгеруде өзге аудиторияның қызығушылығы мен ынтасын, зейінін аударту мақсатында мақаланың практикалық маңызы болады деген ойдамыз. Бүгінгі таңда қазақ тілінің жиілік сөздігі негізінде техникалық жоғары оқу орындары студенттеріне мемлекеттік тілді деңгейлеп оқыту технологиясы біршама қолға алынғанын көруге болады. Қазақ тілін деңгейлеп оқытудың мақсаты – мемлекеттік тілді оқытып үйретуді дүниежүзілік еуропалық стандарттық үлгілерге жақындастыру. Мақаланың мақсаты да бейіні өзге аудиторияға мемлекеттік тілді мейлінше жылдам әрі нәтижелі меңгертуге арналған жаттығу жұмыстарына шолу жасалады. Ұсынып отырған мақалада техникалық жоғары оқу орындарындағы қарапайым деңгей студенттеріне қазақ тілін оқытуда жиілік сөздікті ұтымды қолдануға арналған жаттығуларды дайындап, ұсыну тәжірибесі жайы сөз болмақ. Сонымен мақаланың зерттеу нысаны – техникалық жоғары оқу орындарында қарапайым деңгей студенттеріне қазақ тілін жиілік сөздік негізінде оқыту ісі жайында шолу жазылған. Техникалық жоғары оқу орындарындарда тілді оқытудың қарапайым деңгейінде жиілік сөздік арқылы белгілі бір лексикалық қорды топтастыра отырып меңгеру, студенттердің коммуникативтік құзыреттіліктерін қалыптастыруға мүмкіндік беретіндігі баяндалады. Мақсаты – техникалық жоғары оқу орындарында тілді оқытудың қарапайым деңгейінде жиілік сөздік арқылы студенттердің коммуникативтік құзіреттілігін қалыптастыруға арналған тапсырмалардың үлгісін жасап, оны сабақта ұйымдастырудың негізгі аспектілерін көрсету.