КӘСІБИ ҚАЗАҚ ТІЛІН ОРЫС ТІЛДІ ТОПТАРДА ОҚЫТУ ЕРЕКШЕЛІГІ

2023

Closed access Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.48371/peds.2023.69.2.018
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Қазақ тілі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі бола отырып, болашақ маманның кәсіби бағдарын қалыптастыру құралы қызметін атқарады. Мақалада мамандарды кәсіби даярлау мәселесі және жұмыс берушілер мен білім беру ұйымдары үшін қажеттілігі талқыланады. Жұмыс берушілер тарапынан болашақ мамандарға қойылатын талаптар – олардың іскерлік, дағды және құзеріттілік деңгейіне дейін көтерілуде. Мақалада «Кәсіби қазақ тілін» оқыту әдістемесін анықтау және сипаттау мәселесі шешіледі. Жұмыста студенттерге кәсіби бағдарланған мемлекеттік тілді екінші тіл ретінде оқытуға арналған бірнеше еңбектер талданады. Оларда «Кәсіби қазақ тілін» пән ретінде оқытудың негізгі мақсаты, өзге тілді аудиторияға (орыс тілді топтарда) оқыту ерекшелігі, студенттерге өз мамандығы бойынша терминологияны меңгерту, студенттердің коммуникативтік құзыреттілік деңгейін арттыру және мәселені шеше білуі маңыздылығын, сондықтан кәсіптік-бағдарлы қазақ тілін оқыту әдістемесі тәжірибеге бағытталуы қажет екені қарастырылады. Жоғары оқу орындарының студенттерінің кәсіби қазақ тілінде коммуникативтік дағдыларын қалыптастыру мамандық бойынша сөздік қорын дамытумен қатар қазақ тіл білімінің лингвистикалық ережелерінің қағидаларын жетік білуге тікелей байланысты. ЖОО-нда орыс тілінде оқитын студенттерге арналған «Кəсіби қазақ тілі» оқу құралы «Журналистика», «Маркетинг», «Педагогикa және психология» және басқа мамандықтарға да арналып шығып жатыр. Бірақ кәсіби-бағытталған қазақ тілін оқытудың әдістемесі, кәсіби-коммуникативтік компетенцияның құрамы және құрылуы жәйлы жұмыстар әлі де қажеттік тудырады. Сондықтан мақаладаавторлар С.С. Құнанбаеваның кәсіби тіл дамыту моделін негізге алып отырып, кәсіби-коммуникативтік құзыреттілікің құрамында когнитивтік, тілдік-мәдени және әлеуметтік-мәдени құзыреттіліктерін айқындайды.