ШЕТЕЛ СТУДЕНТТЕРІНІҢ МӘДЕНИАРАЛЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ: ЛИНГВОЕЛТАНЫМДЫҚ АСПЕКТ

2023

Closed access Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.48371/peds.2023.70.3.008
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Қазақ тілін сапалы оқыту – бүгінгі білім беру жүйесіндегі маңызды мәселелердің бірі. Әсіресе, төл тілімізді оқытуға бейінделген әртүрлі бағыттар өз алдына профессорлар мен педагогтардың тарапынан қолдау тауып, білім беру жүйесінде айтулы құралға айналып отыр. Тілді оқытуда мемлекетіміздің қозғаушы күші жастарды отан сүйгіштікке, елтануға, мәдениеттануға, толеранттыққа баулитын, бүгінде ерекше сұранысқа ие болып отырған бағыттардың бірегейі лингвоелтану болып отыр. Лингвоелтану – тілді классикалық түрде ғана оқытып қоймай, сонымен қатар, тіл меңгеруді мақсат еткен тіл иелеріне сол халықтың тарихы мен мәдениеті, әдеп ғұрпы, дәстүрі, салты жайлы толық мәлімет беретін бағыт. Мақаланың мақсаты - лингво-елтаным бағытта оқытудың ерекшелігі студенттің таным деңгейін кеңейтіп, тілдік құралдарды игеру, қолданумен қатар, ұлттық бәсекелестіктің сапалы білім алуға ақпараттық құзыреттелікті қалыптастыруға кәсіби мүмкіндік беру. Қанатты сөз, мақал-мәтел, фразеологизмдер негізінде пайда болатын бейнелеу арқылы тілді үйренуші тілдік және қатысымдық ұғымдардың мағынасын түсінеді. Туындаған ұғымдардың мағынасын түсіндіру барысында тілді үйретуде бірінші орнынға мәдениет емес, тиісінше тіл шығады. Соның арқасында лингвоелтанымдық бағыт қатысымдық құзіреттілікті қамтамасыз ету мақсатында қызмет етеді. Осы мәселелер мақалада жан-жақты қарастырылады. Зерттеудің теориялық маңыздылығы қазақ тілін лингвоелтанымдық бағытта оқытудың жаңа қырлары ашып, лингвоелтанымдық бағытқа ғылыми анықтама беріліп, оның қызметі мен ерекшеліктері, нысандары айқындалады. Сонымен қатар, тіл біліміне айрықша еңбек сіңірген профессор-ғалымдардың лингвоелтанымдық бағытқа қатысты ой-пікірлері мен зерттеулері жұмысымызға негіз болады. Мақаланың практикалық маңыздылығы қазақ тілінде білім алушы шетелдік студентке нұсқаулық болатын оқытудың лингвоелтанымдық бағытта дайындалған әдіснамалық негізі ұсынылады.