АТЫРАУ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ БУЛЛИНГ ЖӘНЕ КИБЕРБУЛЛИНГТІҢ АЛДЫН АЛУ ТӘЖІРИБЕЛЕРІ

2023

Closed access Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.48371/peds.2023.70.3.021
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Мақалада Атырау облысы бойынша жалпы білім беретін мектептердегі балалар мен жасөспірімдер арасындағы буллинг пен кибербуллингтің алдын алу және олардың әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктерін анықтаудың маңыздылығы сипатталған. Сондықтан жасөспірімдердің буллинг және кибербуллинг туралы білуін, сондай-ақ осы құбылыстардың олардың арасында орын алуын анықтайтын бірнеше сұрақтардан тұратын сауалнама қолданылды. Жасөспірімдер арасындағы буллинг пен кибербуллингтің алдын алу шаралары мектептердегі буллинг деңгейін және оның Атырау облысындағы жасөспірімдердің буллинг және кибербуллинг жағдайларындағы мінез-құлқына, эмоционалдық реакция сипатына әсерін айқындау мақсатында жүргізілген талдау нәтижелерін сипаттауға мүмкіндік береді. Буллинг және кибербуллинг жасөспірімдердің мәселесі болып табылады, өйткені бұл жас санаты қоршаған факторлардың әсерінен аз қорғалған. Сонымен қатар, буллинг пен кибербуллингтің дамуына отбасындағы тәрбие мен білім беру ұйымдарының микроклиматы да ықпал етеді. Егер білім беру үдерісінің барлық қатысушылары буллинг мәселесімен белсенді айналысатын болса, онда көптеген қақтығыстардың алдын алу ықтималдығы жоғары болады. Буллинг пен кибербуллингтің алдын алу қауіпсіздік, ескерту, кедергілерді жою және бақылау аспектілерін қамтуы тиіс. Сондықтан жасөспірім басқаларға агрессорлар қолданатын қысым туралы айтуға қорқады, соның салдарынан ол тұйықталады, қорқыныш пен дүрбелең сезімі пайда болады. Осыған байланысты мектепте оқушылармен және мұғалімдермен жұмыс жасай отырып алдын алу жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ осы екі құбылыстың пайда болуына уақтылы жауап беру үшін сыныптағы мінез-құлық пен атмосфераны үнемі бақылау қажет.