ЗАМАНАУИ МАМАНЫҢ ЦИФРЛЫҚ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

2022

Closed access Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.48371/peds.2022.66.3.014
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Мақалада кез-келген мамандық өкілдерінің заманауи технологияларды сенімді меңгеру қажеттілігіне байланысты, адам өмірінің әртүрлі салаларында цифрлық технологияларды қолданудың маңыздылығын көрсететін әлеуметтік үрдіс және өзекті мәселе ретінде қарастырылды. Ғылымның қарқынды дамуы барысында көптеген корпорациялар өндірістің барлық деңгейлерінде жаңа технологияларды қолдана отырып жұмыс істеуге дайын қызметкерлерді талап етеді және арнайы дағдыларға ие емес қызметкерлер қажеттілігі артта қала беруде. Осы проблемаларды шешу, әрине, білім беру процесін қайта жаңғыртуды талап етеді. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, білім беру процесіне цифрлық мәдениет өте қажет.Көптеген жоғары оқу орындарының білім беру жүйесінің ұзақ мерзімді тәжірибесін талдап, артықшылықтарын түсіндік. Білім беруде цифрлық мәдениет сапасын жақсарту, жаңа ақпараттық технологияларды дамыту болып келеді. Қоғам дамуының жаңа кезеңі ретінде цифрлық мәдениет ұғымын тереңірек түсіну үшін ғалымдардың зертеулерімен, талдаулары қарастырылып, шолу жасалды. Қазіргі заманғы маманның бәсекелестік артықшылығы цифрлық мәдениет болғандықтан, "Цифрлы Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасындағы цифрлық қолданушыларға әлі аз таныс бірқатар терминдер қарастырылып, анықтамасы берілді.Адам өмірінің әртүрлі салаларында цифрлық технологияларды қолданудың маңыздылығын көрсететін әлеуметтік үрдістер аталып өтілді. Цифрлық мәдениет - адамның цифрлық этиканы сақтау, басқа қолданушылармен байланыс құру, ақпаратты қалай ұсыну, деректер мен жұмыс жасау, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету туралы мәліметтер келтірілді. Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің мамандық бойынша бірінші курс студенттеріне, цифрлық технологиялар туралы хабардарлығын анықтауға бағытталған сауалнама өткізілді. "Цифрлық Қазақстан"мемлекеттік бағдарламасында сипатталған технологиялардың кейбір түрлері қарастырылып сипатталды. Тиімді кәсіби қызмет үшін болашақ мамандардың цифрлық мәдениетін дамытудың маңыздылығы туралы қорытынды жасалды.