Түркістан ғалымдарының мәдени мұрасын зерттеуде Түркия қолжазба қорларының алатын орны

2025

Full text Open access: Gold Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.26577/jpcp202593312
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Мақалада қазақ даласы Түркістан ғалымдарының Түркия мұрағат қорлары мен кітапханаларында сақталған еңбектеріне библиографиялық шолу жасалып, әр ғалымның ғылым мен мәдениетке қосқан үлесіне баға беріледі. Талқылау бөлімінде Түркістанға телінетін ғалымдар ажыратылып көрсетілді. Бұл мәдени мұраларымыздың ғылыми айналымға енуіне себеп болады, сонымен қатар, түркі халықтарының ғылым-білім сабақтастығының үлгісіне мысал болады. Осылайша, шығыс түркі әлемінің мәдени мұрасын феномен ретінде қарастыруға күш салынды. Бұл мақсатқа жету үшін К. Мэйс (2015) ұсынған методологияға сай қолжазбалармен жұмыс жасауда кезең-кезеңімен: қолжазбаларды жинақтау, каталогтағы қолжазбалар тізімін шығару, қолжазбаның толық сипаттамасын беру, қолжазбаларды салыстыру, қолжазбаны тексеріп оқу, мәтінге анализ жасау іске асты. Қолжазбаларды қарастыруда Түркияның қолжазбалар порталы қолданылды. Мақалада мәдениет пен ғылымның дамуына еңбек сіңірген Түркістан ғалымдарына мән беріп, олардың еңбектері сақталған Сүлеймание, Милли, Миллет және Кастамону кітапханаларының коллекциялары қарастырылды. Тәуелсіздік алғалы бері қазақ жерінен шыққан ғалымдардың мәдени мұраларын зерттеу ісі қарқынды жасалып келеді. Бұл тақырыптың өзіндік мәселелері, зерттеу сұрақтары және бағыттары бар. Атап айтқанда, мақаламызда ғалымдарды қала-аймақ атауы бойынша іздеудің спецификасы мәселесіне жіті тоқталдық. Нәтижесінде қазақ жерінен шыққан ғалымдардың шығармаларын толық қамтып, терең анализ жасауда отандық зерттеушілер тарапынан жеткілікті деңгейге жетпеген деген тұжырымға келдік. Бұл дегеніміз Түркістан ғалымдары мұрасының өз Отаны Қазақстанда зерттеу деңгейін әдістемелік жағынан жетілдіруді, әлемдік мәдениетке қатысты алатын орнын анықтаудың қажеттігін көрсетеді. Түйін сөздер. қазақ жерінің ғалымдары, Қожа Ахмет Иасауи, Ахмет Иүгінеки, Һибатулла Тарази, Түркістанилер, Сүлеймания кітапханасы, түркі ғалымдары, шығыс түркі әлемінің мәдени мұрасы феномені, биобиблиография.