ЖЕРДІ КЕҢІСТІКТІ-ЛАНДШАФТЫҚ ҰЙЫМДАСТЫРУ НЕГІЗІНДЕ АУМАҚТАРДЫ ТИІМДІ ИГЕРУ БОЙЫНША ӘЛЕМДІК ТӘЖІРИБЕЛЕРДІ ТАЛДАУ

2025

Full text Open access: Gold Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.26577/jgem20257836
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Жерді кеңістікті-ландшафтық ұйымдастыру негізінде аумақтарды тиімді игеру бойынша әлемдік тәжірибелерді талдауда ең алдымен, кең таралған, сенімді әдебиеттерді шолумен бастап, мақаланың теориялық негізі қалыптастырылды. Әлемде ландшафттық жоспарлау, қазіргі тұрақты даму тенденцияларын ұстануға бағытталған қоғам мен мемлекеттерде, табиғатты қорғау, экологиялық жағдайды қалыпты ұстап тұру үшін, өте қажетті шара болып табылады. Елімізде аумақты жоспарлау әдістемелері: Қазақстан Республикасы аумағын ұйымдастырудың бас схемасы, Облыстардың аумақтық дамуы схемалары, Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспары, Елді мекендердің бас жоспарлары, Аумақтардың егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары (ЕЖЖ) негізінде жасалғанымен, аумақты жоспарлаудың қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды дұрыс пайдалану мақсатында жасалатын ландшафттық жоспарлау жүйесі дамымаған. Табиғи байлығы көп, тұрғындар саны аз және жылдан жылға азайып жатқан Солтүстік Қазақстан облысында ландшафттық жоспарлау, табиғатты қорғау, жерді ұтымды пайдалануды тиімдендіретін әдістер бойынша ұсыныс беру - зерттеуіміздің мақсаты болып табылады. Үлгі ретінде АҚШ, Қытай және Германия елдерінің жер пайдалануды жоспарлау тәжірибесі алынды. Зерттеу негізінде авторлар, Солтүстік Қазақстан облысының аумақтық жоспарлауын дамыту үшін, жергілікті жердің табиғи климаттық ерекшеліктерін, мемлекеттік құрылымды және жоспарлауды ұйымдастырудағы өзгешеліктерді есепке ала отырып, аталған елдердің үздік тәжірибелерін ұсынуға тырысты. Зерттеуде әдеби деректерді жинау мен талдау үшін нақты әдістемелер, контент-талдау және салыстырмалы талдау әдістері қолданылды. Ақпарат іздеу кезінде Scopus, Web of Science, Google Scholar, ScienceDirect сияқты халықаралық және ұлттық беделді мәліметтер базалары, сонымен қатар Қазақстан Республикасының заңнамалық актілер жинағы және жерге орналастыру мен кадастр саласындағы қазақстандық ғылыми журналдар пайдаланылды. Зерттеу нәтижесінде Солтүстік Қазақстан облысының аумағын кеңістіктік ландшафттық жоспарлау үшін пайдалануға болатын АҚШ, Германия және Қытай тәжірибесінен үздік әдістер алынып, әрі қарай терең зерттеуге ұсынылды