Abstract
Зерттеудің өзектілігі Қазақстанның заманауи өнерінің серпінді дамуымен тығыз байланысты және мүсін өнері ұлттық дәстүрмен байланысын сақтай отырып, жаңа материалдарды, технологиялар мен тұжырымдамаларды белсенді игеруде. Бұл мақала қазақстандық мүсін өнеріндегі инновациялық идеялар, тәсілдер мен материалдардың өзгеруіне назар аудара отырып, Орта Азияның посткеңестік өнері саласындағы зерттеулердің жалғасы болып табылады. Зерттеудің мақсаты – дәстүрлі өнер, инновациялық материалдар және технологиялар арасындағы байланысты талдай отырып, қазақ мүсін өнерінің заманауи формаларының ерекшелігін анықтау. Зерттеу міндеттері: мүсін формаларының классикалық үлгілерден жаңа инновациялық шешімдерге қарай өзгерісін зерделеу; көшпелі мәдениет дәстүрінің заманауи көркемдік шешімдерге әсерін зерттеу; қазақстандық мүсіншілер туындыларындағы жаңа технологиялардың (3D-модельдеу, сандық басып шығару) және материалдардың (металл, композиттер) рөлін талдау; жаһандану дәуірінде ұлттық бірегейліктің өнердегі көрінісін анықтау. Мақала заманауи мүсін өнерінің қазақстандық даму жолын талдап, ондағы жергілікті дәстүрлерді өнердің қалыптасқан әмбебап формаларына сәтті интеграциялаудың үлгісін әлемдік сахнаға ұсыну туралы пікірталасқа үлес қосады. Зерттеу материалдары Азия елдерінің өнеріндегі дәстүрлер мен инновациялардың өзара әрекеттесуін зерделейтін өнертанушыларға, кураторларға және суретшілерге, сондай-ақ мәдениеттер арасындағы айырмашылықтар мен ұқсастықтарды зерттейтін мамандарға пайдалы болуы мүмкін.