Фитоним фразеологизмдер: салғастырмалы аспект

2025

Full text Open access: Gold Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.26577/ejph202519938
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Мақалада фитоним фразеологизмдерге салғастырмалы талдау жасалды. Тіл білімінде жаңа парадигманың пайда болуымен фразеологизмдерді лингвокогнитивтік, лингвомәдениеттану, салыстырмалы-салғастырмалы зерттеулер шеңберінде қарастырудың маңыздылығы артып отыр. Кез келген тілдің фразеологиялық жүйесі сол тіл сөйлермендерінің дүние бейнесін, ұлттық ділін, ойлау, сөйлеу ерекшеліктерін, бір сөзбен айтқанда, ұлттың концептуалдық жүйесін бейнелейтін мәдени код ретінде танылады. Мақалада фразеология, салғастырмалы фразеология бойынша жазылған ғылыми еңбектерге шолу жасалды. Қазақ, ағылшын, француз фитоним фразеологизмдері үш тілдің лексикографиялық дереккөздерінен жиналды, сандық арақатынасы анықталды, семантикалық және когнитивтік-лингвомәдени талдаулар жасалып салғастырылды. Салғастырмалы талдау нәтижесінде олардың ортақ және айырым белгілері анықталды. Үш тілдегі ортақ белгілерге жалпыадамзаттық әмбебап сипат тән болса, айырым белгілер географиялық жағдай, өмір сүру салты, мәдениетіндегі ерекшеліктермен түсіндірілді. Үш тілге ортақ белгілерге адамның жақсы / жаман қасиеттері, мінез-құлықтары, әрекеттері, сұлулық, жастық шақ, қиындықты бейнелейтін фитоним фразеологизмдер жатады. Айырым белгілері қазақ тілінде қарғыс, молшылық / жоқшылық, ағылшын тілінде сәттілік / сәтсіздік, құпиялық, шыдамдылық, француз тілінде ақылдылық, махаббат, өзімшілдік мәнді фитоним фразеологизмдерден көрінеді. Әрбір ұлттың дүниені өзінше қабылдайтыны, қайта жаңғыртатыны және өзіндік дүние бейнесін жасайтыны нақты тілдік материалдарды талдау арқылы дәйектелді. Мақалада салғастырмалы фразеологияның әдістемесі негізге алынып, талдау, синтездеу, сипаттау, салғастыру әдістері қолданылды. Түйін сөздер: фразеология, салғастырмалы фразеология, фитоним фразеологизм, дүниенің фразелогиялық бейнесі, когнитивті-лингвомәдени талдау, концептуалдық жүйе.