Болашақ шетел тілі мұғалімдерінің цифрлық адаптивті білім беруге дайындығы

2025

Full text Open access: Gold Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.26577/jes20258434
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Цифрлық адаптивті білім беру оқу процесін әрбір білім алушының жеке мүмкіндіктері мен ерекшеліктерін ескеру арқылы ұйымдастыруға мүмкіндік беретін технологиялардың бірі. Технология жасанды интеллект негізінде оқу мазмұнын әр оқушыға бейімдейді, әрі бір тақырыптан келесі тақырыпқа өтпес бұрын сол тақырыпты толық түсінуін қамтамасыз етеді. Заманауи мұғалім өз кәсіби тәжірибесінде осындай технологияларды қолдана алуы керек. Сол себепті адаптивті білім беру негізінде болашақ педагогтердің құзыретін қалыптастыру өте маңызды. Зерттеудің негізгі мақсаты – болашақ шетел тілі мұғалімдерінің цифрлық адаптивті оқытуға дайындығының қазіргі жағдайын зерттеу. Осы мақсатқа жету үшін зерттеуде сұхбат және сауалнама әдістері қолданылды. Жалпы 6В01703 «Шетел тілі: екі шетел тілі мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламасы бойынша оқитын 118 студент және мектепте жұмыс жасайтын 11 ағылшын тілі мұғалімі зерттеуге қатысты. Мектеп мұғалімдері сұхбат барысында ағылшын тілі сабағын ұйымдастыру барысында кездесетін негізгі мәселелер және мектепке жұмысқа келетін жас мамандарға қажетті құзыреттер туралы ойларымен бөлісті. Болашақ шетел тілі мұғалімдерінің арасында жүргізілген сауалнама нәтижесінде білім алушылардың көпшілігі адаптивті білім беруді оң бағалайтындығы анықталды, олар болашақ кәсібінде осындай технологияларды қолданғысы келетінін айтты. Алайда, болашақ мамандар адаптивті платформалармен жұмыс жасау үшін техникалық және әдістемелік көмек қажет ететіндігі анықталды. Бұл нәтижелер адаптивті білім беру платформаларымен жұмыс жасауды әрі қарай дамыту қажет екендігін көрсетеді. Түйін сөздер: болашақ шетел тілі мұғалімдері, адаптивті білім беру, адаптивті платформалар.