Abstract
Мақалада соғыстан кейінгі идеологиялық науқандар жағдайында кеңестік тарих ғылымының дамуымен космополитизмге қарсы жүргізілген күрес мәселелері қарастырылады. Кеңестік тарихнаманы агрессивті идеологиялық қысымның салдары ретінде қарастыру шектеулі түсінік қалыптастырып, нақты тарихшылардың кәсіби және жеке өміріне әсер етті. Соғыстан кейінгі кезең, әсіресе «соңғы сталинизм» (1945-1953) Кеңес жүйесінің тұрақтылығымен КСРО-ның халықаралық аренадағы мәртебесімен тығыз байланысты болды. Мақсатымен міндеті. Зерттеу мақалысының басты мақсаты соғыстан кейінгі кезеңдегі кеңестік тарих ғылымының дамуын, идеологиялық науқандардың тарихшыларға және ғылым ізденістеріне әсерін тереңінен зерттеуді көздейді. Мақалада идеологиялық қысымның тарихнама, ғылым және мәдениетке тигізген әсері, сондай-ақ «соңғы сталинизм» кезеңіндегі тарихи дискурстың өзгерістері мен тарихшылар арасындағы кәсіби бәсекелестікке қатысты күрделі әлеуметтік және саяси факторлар талданады. Нәтижесі. Зерттеу тарих ғылымының методологиясымен объективтілігін, сондай-ақ түрлі көзқарастардың қалыптасуындағы маңыздылығын көрсетті. Бұдан басқа, бұл зерттеу кеңестік тарих ғылымының ерекшеліктерімен шектеулерін анықтап, тарихи білімнің дамуындағы және ғылыми қауымдастықтағы идеологиялық қысымның әсерін терең түсінуге мүмкіндік берді.