Abstract
Бұл мақалада мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық қызығушылықтарын қалыптастыру мен дамытуда техникалық және шығармашылық құрастырудың интеграциясының маңыздылығы қарастырылады. Зерттеудің мақсаты –техникалық және шығармашылық құрастыру әрекетті біріктіру арқылы балалардың инженерлік ойлау қабілеттерін белсендірудің педагогикалық мүмкіндіктерін анықтау. Мақалада танымдық қызығушылық ұғымының психологиялық-педагогикалық аспектілері талданып, мектепке дейінгі жастағы балалардың құрастыру әрекетінің даму ерекшеліктері сипатталады. Сонымен қатар, техникалық және шығармашылық құрастыру түрлерін біріктіру арқылы жүзеге асырылған тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың нәтижелері келтіріледі. Нәтижесінде, құрастыру-дың интеграцияланған түрлері балалардың зейінін, қиялын, логикалық ойлауын және танымдық қызығушылығын дамытуда тиімді құрал екендігі дәлелденді. Интеграцияланған құрастыру түрлері балалардың қызығушылығын арттырып қана қоймай, олардың проблеманы шешу және өз идеяларын жүзеге асыру дағдыларын дамытады. Зерттеу нәтижелері білім беру үдерісінде құрастыру әрекетіне негізделген дамытушы ортаны ұйымдастырудың тиімділігін көрсетеді. Авторлар мектепке дейінгі ұйымдардағы білім беру процесіне STEM-педагогика, дизайн-технология және жобалық әдістерді енгізу ұсыныстарын береді