БОЛАШАҚ БИОЛОГИЯ ПӘНІ МҰҒАЛІМДЕРІН ИНТЕГРАЦИЯЛАНҒАН ЦИФРЛЫҚ КОНТЕНТТЕРДІ ҚОЛДАНУҒА КӘСІБИ ДАЯРЛА

2025

Closed access Metadata (CSL-JSON)
DOI 10.51889/2959-5762.2025.87.3.023
Data confidence 70 medium
How this score is calculated

It is built from checkable properties of the record itself: whether the article has a DOI, how many independent sources confirmed its data, whether the required fields are filled in, and how recent the latest confirmation is. Disagreement between sources and a missing identifier lower it. A value of 80 or above means the record was published without further checking; 60 to 79 means it is published at reduced confidence, with a manual check advisable. A record verified by an editor by hand is never pushed below 90 by a recalculation. This scores our data about the article, not the article itself.

Abstract

Қазіргіуақытта білім беру саласында цифрлық технологиялардың қарқынды дамуы, дәстүрлі оқыту әдіс-тәсілдеріне жаңа мүмкіндік пен серпін береді. Әсіресе, болашақ биолог мұғалімдерді даярлау кезінде цифрлық контенттерді интеграциялау үлкен маңызға ие. Бұл технологиялар оқыту процесінің тиімділігін арттырып, оқушы-лардың пәнге деген қызығушылығын оятуға ықпал етеді. Биология пәні табиғаттағы күрделі процестер мен құбылыстардытүсіндіруді қажет ететіндіктен, цифрлық контенттердің (анимациялар, 3D модельдер, виртуалды зертханалар, бейнемазмұн) қолданылуы оқушыларға теорияны көрнекі түрде жеткізуге көмектеседі. Сонымен қатар, мұғалімдерге білім беру процесін жеке көзқараспен ұйымдастыру мүмкіндігі беріледі.Мақалада болашақ биолог мұғалімдеріне интеграцияланған цифрлық контенттерді жасау мен пайдалануға кәсіби даярлау мәселелері қарастырылады. Бұл контенттерді қолдану арқылы оқыту әдіс-тәсілдерін жаңарту, білімді визуализациялау, интерактивті тапсырмаларды енгізу арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру мәселелері зерттеледі. Болашақ мұғалімдердің цифрлық құралдармен жұмыс жасау дағдыларын меңгеру, педагогикалық әдіс-тәсілдерді цифрлық контенттермен үйлестіру, сондай-ақ оқушылардың білімін бағалау мен кері байланыс беру тәсілдері талқыланады. Мақалада цифрлық контенттерді тиімдіпайдалану мұғалімдер мен оқушылардың оқу процесіндегі өзара әрекеттестігін жақсартуға мүмкіндік беретіні, сонымен қатар болашақ биолог мұғалімдерінің кәсіби дамуына маңызды ықпал ететіні көрсетіледі.